Приозерск қаласы аумағында қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 17/60 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 914-1-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 11-ө өкіміне сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сотпен қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Ұ.А.Алмасқа жүктелсін.

      Қала әкімі М. Ахметов

  Приозерск қаласы әкімдігінің
"Приозерск қаласы аумағында
қоғамдық жұмыстардың түрлерін
және қоғамдық жұмыстар орындалуға
тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау
туралы" 2026 жылғы "16" наурыздағы
№ 17/60 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

р/с №

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

1

Аумақты тазалау және жинау;
Бұталарды кесу;
Ағаштарды отырғызу, әктеу;
Ғимараттарды, қоршауларды бояу, әктеу;
Газонды, шөпті шабу;
Абаттандыру

"Приозерск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады