Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2026 жылғы 17 маусымдағы № 51/505 шешімі

      Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 30/290 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6714-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға көрсетіледі.

      төлем күнтізбелік жылда бір рет (ағымдағы жылдың қазан айындағы жағдай бойынша) әрбір балаға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Саккулаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады