"Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 86/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 12/01 қаулысы

      Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы 86/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6501-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, "Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Нурмуханбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады