Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 10 қазандағы 86/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6501-09 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, "Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Р. Нурмуханбетов |