Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді) Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұра ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Муканов |
| Нұра ауданы әкімдігінің 2026 жылғы "27" қаңтардағы № 05/02 қаулысына қосымша |
Нұра ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Қызметтің атауы | Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) | Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) |
"Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 70509,16 | 3439,47 |