2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді), Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданы әкімінің м.а. С.Мусин

  Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "28" қаңтардағы
№ 15 қаулысы
қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Қызметтің атауы

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

"Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

99498,09

4853


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады