Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" № 281 бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған Абай ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Абай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
| Абай ауданының әкімі | С. Оспанов |
| Абай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 16 сәуірдің №20/01 қаулысына қосымша |
Бір қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
№ | Қызметтің атауы | Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) | Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) |
1 | Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 48 801,95 | 2380,58 |
