Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелді) Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтері бекітілсін.
2. "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Б. Жаппаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
| Шахтинск қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 4/13 қаулысына қосымша |
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтер
№ | Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы | Қызметтің атауы | Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) | Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен) |
1 | "Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету | 41 979,98 | 1999,05 |