Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2026 жылғы 09 маусымдағы № ЗТ-2026-02432963 "Gold Taraz" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктернің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Gold Taraz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Балқаш қаласының аумағында орналасқан болжамды ауданы 705,2998 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 6 жыл мерзімге қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жария сервитут белгіленсін.
2. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
