Жер учаскеге жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 09/04 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № ЗТ-2025-04633756 "IRKAZ Metal Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "IRKAZ Metal Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 110 кВ ӘЖ инфрақұрылымын салу және пайдалану үшін Балқаш қаласының аумағында орналасқан ауданы 31,0826 гектар жер учаскесінде жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай, 2028 жылғы 29 қыркүйекке дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "IRKAZ Metal Corporation" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі траншеясыз кабель төсеу әдісімен жұмыс жүргізсін (келісім бойынша).

      3. "Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Косемгалиулы Сыздыковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі С. Сатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады