Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теміртау қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 16/11 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194834 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Ғ. Әшімов |
КЕЛІСІЛДІ:
Теміртау қалалық
сайлау комиссиясы
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы "12" ақпандағы № 6/41 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
Р/с № | Елді мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орны |
1. | Теміртау қаласы | Абай көшесі, 1, "Теміртау индустриялық-технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының маңында ақпараттық стенд |
2. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, 21/1, "№ 11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
3. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, 30, "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының маңында ақпараттық стенд |
4. | Теміртау қаласы | Абай көшесі, 34/1, "№ 21 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
5. | Теміртау қаласы | Абай көшесі, 39/2, "№ 2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
6. | Теміртау қаласы | Мир даңғылы, 75, "№ 8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
7. | Теміртау қаласы | Б.Момышұлы даңғылы, 91, "Әлихан Бөкейхан атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
8. | Теміртау қаласы | 3А-ықшамаудан, 7/1, "№ 1 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
9. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, 67А, "№ 14 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
10. | Теміртау қаласы | Чернышевский көшесі, "Oblako" кафесі маңындағы "Агитплакат" стенді |
11. | Теміртау қаласы | 6-ықшамаудан, 7Б, "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
12. | Теміртау қаласы | Республика даңғылы, 73, "№ 9 лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
13. | Теміртау қаласы | Чернышевский көшесі, 106/1, "№ 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
14. | Теміртау қаласы | 6-ықшамаудан, 49А, "№ 10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
15. | Теміртау қаласы | 8-ықшамаудан, 98А, "№ 17 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
16. | Теміртау қаласы | Карьерная көшесі, 1, "№ 1 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің маңында ақпараттық стенд |
17. | Ақтау кенті | Карл Маркс көшесі, "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ақпараттық стенді |