Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 52/08 "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 03 ақпандағы № 07/30 қаулысына қосымша |
|
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы "25" қыркүйек №52/08 қаулысымен бекітілген |
"Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қарағанды облысының аумағында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма осы Ереженің қосымшасына сәйкес оның қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды басқаруды жүзеге асыратын орган ретінде айқындалған.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңғы тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы ауданы, Әлиханов көшесі, 2 үй, пошта индексі 100000.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
денсаулық сақтау, оның ішінде медициналық ғылым мен медициналық білім беру саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдардан өз құзыреті шегінде олардың қызметін регламенттейтін және сипаттайтын қажетті ақпарат беруді талап етуге;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) міндеттері:
облыс әкімдігінің аппараттық кеңестерінің, алқаларының, облыстық мәслихат сессияларының қарауына денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган қаулыларының жобаларын талқылауға қатысуға;
мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің мүдделерін қорғауға;
мемлекеттік басқару органдарымен өзара ic-қимыл жасауға.
15. Функциялары:
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қаматамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарындағы адамдарды күтіп-бағуға бақылауды жүзеге асырады;
коммуналдық заңды тұлғалар болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қамтамасыз етеді;
медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің Денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;
медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;
халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
жас мамандарды әлеуметтік қолдау және ұстап қалу шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру бойынша шаралар қабылдайды;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді;
төтенше ахуалдар, төтенше жағдай режимін енгізу кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етеді;
денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасына, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға қажетті іс-шараларды жүзеге асырады;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;
туберкулезбен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімінің орындалуына жәрдемдеседі;
ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын бекітеді;
әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияларды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;
дәріхана жоқ ауылдық елді мекендерде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
мүгедектігі жоқ адамдарды медициналық көрсетілімдер бойынша есту протезі көмегімен қамтамасыз етуге арналған медициналық бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырады;
медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;
гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;
жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;
халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;
сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
жергілікті атқарушы органдар медицина қызметкерінің беделін арттыру және оның жеке және кәсіптік өсуін арттыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен оған ынталандырушы төлемдер бере отырып, "Кәсібі бойынша үздік" мәртебесін береді.
денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған уәкілетті органмен, ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарымен Меморандум жасасады және іске асырады (қалыптастыру және мониторинг);
ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді;
денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады;
фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді;
пациентті жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына жіберу мәселесін шешу үшін жоғары технологиялық медициналық көмек комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін есептен шығаруды келіседі.
коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы ұсыныстар енгізеді;
жергілікті атқарушы органға облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларға тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату, иеліктен шығару туралы ұсыныстар енгізеді;
коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынуы бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы болады;
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасады;
Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды дамыту үшін жағдайлар жасайды;
мемлекеттік орган қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасайды;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс" кодексіне сәйкес құзыреті шеңберінде шаралар қабылдайды;
мемлекеттік органның қызметінде "Битрикс" жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін жүзеге асыру;
жетекшілік ететін салалар бойынша басқарма бойынша жиынтық ашық деректерді Басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастыру және өзектендіруді қамтамасыз ету.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарма басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
өз құзыретіне кіретін, Басқарманың барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде басқару мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттар береді;
ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органының мүлкі
21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату (тарату)
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма және оның ведомстваларының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесі
Басқарманың "Облыстық психикалық денсаулық орталығы";
Басқарманың "Облыстық жедел медициналық көмек станциясы";
Басқарманың "Облыстық клиникалық ауруханасы";
Басқарманың "Облыстық фтизиопульмонология орталығы";
Басқарманың "Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресі жөніндегі орталығы";
Басқарманың "Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы";
Басқарманың "Облыстық қан орталығы";
Басқарманың "Облыстық стоматологиялық емханасы";
Басқарманың "Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы";
Басқарманың "Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі";
Басқарманың "Қарағанды қаласының № 1 көпбейінді ауруханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының №3 көпсалалы ауруханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының көп бейінді балалар ауруханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласы № 1 емханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының №2 емханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының №3 емханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының № 4 емханасы";
Басқарманың "Қарағанды қаласының №5 емханасы";
Басқарманың "Үміт" оңалту орталығы";
Басқарманың "Теміртау қаласының көп бейінді ауруханасы";
Басқарманың "Теміртау қаласының №2 емханасы";
Басқарманың "Теміртау қаласының №4 емханасы";
Басқарманың "Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы";
Басқарманың "Балқаш қаласының жоғары медициналық колледжі";
Басқарманың "Саран қаласының ауруханасы";
Басқарманың "Шахтинск қаласының ауруханасы";
Басқарманың "Абай қаласының ауруханасы";
Басқарманың "Приозерск қаласының ауруханасы";
Басқарманың "Абай ауданының аудандық ауруханасы";
Басқарманың "Ақтоғай ауданының аудандық ауруханасы";
Басқарманың "Бұқар-Жырау ауданының аудандық ауруханасы";
Басқарманың "Қарқаралы ауданының аудандық ауруханасы";
Басқарманың "Нұра ауданының аудандық ауруханасы";
Басқарманың "Осакаров ауданының аудандық ауруханасы";
Басқарманың "Шет ауданының аудандық ауруханасы".
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер тізбесі
Басқарманың "Шапағат" балалар үйі";
Басқарманың "Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базасы".
