"Отбасын қолдау орталықтарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 580-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 10 маусымдағы № 283-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Отбасын қолдау орталықтарының басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 580-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Отбасын қолдау орталықтарының басшылары мен мамандарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      13-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызмет түрін, алушы санатын, қызмет көрсету орны мен ұзақтығын, көрсетілетін қызметтің мазмұнын, жеке ерекшеліктерін айқындайтын және оны аудандардың (астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына жолдайтын қорытынды дайындайды;";

      37-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) шетел азаматтарының жекелеген санаттарына, оның ішінде некені бұзу, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы талап арыздар жасау арқылы заң қызметтерін көрсетуді жүзеге асырады;";

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының және (немесе) шетел азаматтарының жекелеген санаттарына, оның ішінде некені бұзу, кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы талап арыздар жасау арқылы заң қызметтерін көрсетуді жүзеге асырады;".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және
ақпарат министрінің міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады