"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 12 наурыздағы № 104-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      реттік номері 100-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

100.

59.

Өңірлер бөлінісінде электрондық түрде тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер бойынша статистикалық деректер
"цифрлық үкіметтің" веб-порталы арқылы тіркелген) (есепті кезең; өңірдің атауы; электрондық түрде тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың, өкілдіктердің саны)

тоқсан сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әділетмині

      ";

      реттік номері 891-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

891.

35.

"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" цифрлық жүйесіне электрондық түрде енгізілген нормативтік құқықтық актілердің саны (есепті кезең; цифрлық жүйеге енгізілген нормативтік құқықтық актілердің саны)

апта сайын

әрбір жұма

ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әділетмині

      ";

      реттік номері 892-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

892.

36.

"Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" цифрлық жүйесіне Интернет желісінде кіру саны (Google Analitics деректеріне сәйкес) (есепті кезең; цифрлық жүйеге бару саны)

апта сайын

әрбір жұма

ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әділетмині

      ";

      реттік номері 949-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

949.

91.

Киберқауіпсіздік жедел орталығына қосылған цифрлық жүйелердің саны туралы статистикалық деректер (шарт жасасу саны мен күні)

жыл сайын

есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-ы күніне дейін

ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әділетмині

      ".

      "Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесіне электрондық түрде енгізілген нормативтік құқықтық актілердің саны (есепті кезең; ақпараттық жүйеге енгізілген нормативтік құқықтық актілердің саны).

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады