"Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 11-1-4/309 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламасын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/290 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өкілдік шығындар" бөлінетін бюджеттік бағдарламаны бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезіндегі өкілдік мақсаттарға;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған өкілдік шығындарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өкілдік шығындар нормаларының 6-тармағында көрсетілген шығындар жатады.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шақырылатын адамдардың Қазақстан Республикасындағы межелі пунктке дейінгі көлік шығындарын және олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шет елге сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға арналған, сондай-ақ халықаралық байқау миссияларының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) Қазақстан Республикасының атынан байқаушылар ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебіндегі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарды үшін автокөліктік қызмет көрсетуге және аудармашылардың қызметтерін төлеуге арналған қаражат бөлінген жағдайда, Аппарат басшысының бұйрығы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің немесе оның міндетін атқаратын адамның қарары негізінде қабылданады.";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарларына, сондай-ақ халықаралық байқау миссиясының құрамында шет мемлекеттердегі сайлауларға және (немесе) референдумдарға Қазақстан Республикасынан байқаушы ретінде жіберілетін республикалық бюджет есебінен қамтылатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын іссапарға жіберу кезіндегі өкілдік шығындарға қолма-қол шетел валютасын бөлу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:";

      16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде жұмсалатын өкілдік шығындар үшін қаражат алуға уәкілетті лауазымды адамдар іс-шара өткізілгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде Министрлікке республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің елтаңбалы мөрімен расталған және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шетелдік сапарлары кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары кезінде Аппарат басшысы бекіткен өкілдік мақсаттарға арналған шығындар жөніндегі акті береді.";

      көрсетілген қағидаларға қосымшада белгіленген Өкілдік шығындардың нормаларында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Құрылтай Төрағасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Протоколында көзделген қабылдаулар өткізу (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) шығындары күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

10 АЕК-ке дейін

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Шетелдік сапарлар кезіндегі өкілдік шығындар

Қазақстан Республикасының Президенті – 5000 АҚШ доллары;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – 3000 АҚШ доллары;
Қазақстан Республикасының Вице-Президенті – 2500 АҚШ доллары;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі – 2000 АҚШ доллары.

  ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат Институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
Е. Көшербаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады