ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ ""Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға және (немесе) Мемлекеттік орган қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған цифрлық объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
2. цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша цифрлық объектілерін, оның ішінде "цифрлық үкіметтің", құру, кастомизациялау, дамыту және оларға жүйелі-техникалық қызмет көрсету және экспортқа сату;
3. цифрлық объектілерін, оның ішінде "цифрлық үкіметтің" құру және дамыту бойынша жобаларын басқару мен әдіснамалық қамтамасыз ету үшін экспорқа сату;
4. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде дашбордтар құру;
5. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінде проактивті мемлекеттік қызметтердің әлеуетті алушыларын айқындау бойынша тізімдерді дайындау (сегменттеу және тізімдерді қалыптастыру);
6. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінде деректер витриналарын әзірлеу;
7. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректерді визуализациялау құралдарымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізу;
8. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде кейстерді қалыптастыру және оларды сүйемелдеу;
9. "Smart Bridge" сервистерін пайдалану бойынша қызметтер көрсету және онда орналастырылған сервистерге қолжетімділікті ұйымдастыру;
10. операторға бекітілген "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде сервисті орналастыру қызметі;
11. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде жүргізілген талдау нәтижелерін ұсыну;
12. адам келбетін тану әдісіне негізделген цифрлық сәйкестендіру қызметін ұсыну (биометриялық сәйкестендіру), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде;
13. электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен құжаттарға/электрондық құжаттарға қол қою қызметтерін ұсыну және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру;
14. Заңның көрсетілген бабы 1 – тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-5-бабына сәйкес Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының қызметін жүзеге асыру;
15. мемлекеттік емес цифрлық жүйелер үшін цифрлық инфрақұрылымды ұсыну:
1) есептеу ресурстарын ұсыну қызметі;
2) серверлік жабдықты орналастыру көрсетілетін қызметі;
3) сервис ретінде бұлтты инфрақұрылым көрсетілетін қызметі (IAAS);
4) сервис ретінде бұлтты платформа көрсетілетін қызметі (PAAS);
5) сервис ретінде бұлтты бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі (SAAS);
16. жасанды интеллект модельдерін құру, оқыту, теңшеу және модельдерді құру үшін қажетті деректерді талдау қызметтерін ұсыну.
