Арнайы құқық субъектісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 273/НҚ бұйрығы.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы құқық субъектісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын қызметтермен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің төмендегі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" және ұлттық шлюзі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту жөніндегі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" 2023 жылғы 2 тамыздағы № 311/НҚ;

      2) "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" 2024 жылғы 6 наурыздағы № 121/НҚ.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2024 жылғы 14 мамырдағы
№ 273/НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы арнайы құқық субъектісі жүзеге асыратын қызметтерге технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.07.2026 № 376/НҚ (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға және (немесе) Мемлекеттік орган қызметін автоматтандыруға, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға арналған цифрлық объектілерін құру, дамыту, тестілеу, сүйемелдеу және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

      2. цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша цифрлық объектілерін, оның ішінде "цифрлық үкіметтің", құру, кастомизациялау, дамыту және оларға жүйелі-техникалық қызмет көрсету және экспортқа сату;

      3. цифрлық объектілерін, оның ішінде "цифрлық үкіметтің" құру және дамыту бойынша жобаларын басқару мен әдіснамалық қамтамасыз ету үшін экспорқа сату;

      4. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде дашбордтар құру;

      5. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінде проактивті мемлекеттік қызметтердің әлеуетті алушыларын айқындау бойынша тізімдерді дайындау (сегменттеу және тізімдерді қалыптастыру);

      6. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінде деректер витриналарын әзірлеу;

      7. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректерді визуализациялау құралдарымен жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізу;

      8. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде кейстерді қалыптастыру және оларды сүйемелдеу;

      9. "Smart Bridge" сервистерін пайдалану бойынша қызметтер көрсету және онда орналастырылған сервистерге қолжетімділікті ұйымдастыру;

      10. операторға бекітілген "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымы объектілерінде сервисті орналастыру қызметі;

      11. "Smart Data Ukimet" цифрлық талдау жүйесінің деректері негізінде жүргізілген талдау нәтижелерін ұсыну;

      12. адам келбетін тану әдісіне негізделген цифрлық сәйкестендіру қызметін ұсыну (биометриялық сәйкестендіру), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде;

      13. электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтімен құжаттарға/электрондық құжаттарға қол қою қызметтерін ұсыну және электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру;

      14. Заңның көрсетілген бабы 1 – тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-5-бабына сәйкес Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының қызметін жүзеге асыру;

      15. мемлекеттік емес цифрлық жүйелер үшін цифрлық инфрақұрылымды ұсыну:

      1) есептеу ресурстарын ұсыну қызметі;

      2) серверлік жабдықты орналастыру көрсетілетін қызметі;

      3) сервис ретінде бұлтты инфрақұрылым көрсетілетін қызметі (IAAS);

      4) сервис ретінде бұлтты платформа көрсетілетін қызметі (PAAS);

      5) сервис ретінде бұлтты бағдарламалық қамтамасыз ету қызметі (SAAS);

      16. жасанды интеллект модельдерін құру, оқыту, теңшеу және модельдерді құру үшін қажетті деректерді талдау қызметтерін ұсыну;

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 513/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. оператордың инфрақұрылымында орналастырылған ресурстарға клиенттердің қол жеткізуі үшін IP VPN арқылы қорғалған желілік қосылымды ұсыну;

      Ескерту. Тізбе 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 513/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. лицензиялық шартта айқындалған шектерде функционалдық модульдерді, жаңартулар мен релиздерді пайдалану құқығын қоса алғанда, "цифрлық үкімет" платформасы іске асырылған QazTech бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша айрықша емес құқықты беру (іске асыру);

      Ескерту. Тізбе 18-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 513/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. фото бейнесін сәйкестендіру қызметін ұсыну.

      Ескерту. Тізбе 19-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 26.08.2026 № 513/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады