"Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін "цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 308/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 91-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін "цифрлық үкіметтің" технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары – Жасанды
интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

  Бұйрықпен бекітілді

"Цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерін "цифрлық үкіметтің" технологиялық тұрғыдан күрделі цифрлық объектілеріне жатқызу өлшемшарттары

      1. Ұзақ мерзімді ендіруді және кезең-кезеңімен өнеркәсіптік пайдалануға беруді көздейтін жобаларды іске асыру.

      2. Әзірлеу мерзімінің 12 айдан асуы.

      3. Шешімнің жоғары функционалдық және архитектуралық күрделілігі.

      4. Бір мезгілде 5 000-нан астам пайдаланушының жұмысын, секундына 300-ден астам транзакцияны өңдеуді және дерекқорда 50 000 000-нан астам жазбаны сақтауды көздейтін жоғары жүктемелі жүйелерді іске асыру.

      5. Проприетарлық лицензияланатын (жабық) бағдарламалық қамтылымды пайдалану.

      6. Qaztech платформасы қолдамайтын технологиялық стекті пайдалану.

      7. Мамандандырылған немесе оқшауланған контурларда орналастыру қажеттілігі.

      8. Мамандандырылған аппараттық инфрақұрылымды пайдалану қажеттілігі.

      9. Бөлінген серверлік немесе желілік инфрақұрылымды пайдалану қажеттілігі.

      10. Деректердің кепілдендірілген тұтастығына және операцияларды үздіксіз өңдеуге қойылатын талаптары бар транзакциялық цифрлық жүйелерді іске асыру (қаржылық, төлем жүйелері).

      11. Бейнеаналитика жүйелерін іске асыру.

      12. Жобаның мемлекетаралық сипаты.

      13. Жасанды интеллект қолданылатын цифрлық жүйелер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады