Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №149/НҚ "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 297/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы №149/НҚ "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппараттық-бағдарламалық кешені.".

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады