ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 74-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған "Цифрлық үкiметтiң" цифрлық инфрақұрылымы объектiлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мәдиев |
| бұйрығымен бекітілген |
"Цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі
1. Цифрлық жүйелер:
1) "цифрлық үкіметтің" веб-порталы;
2) "цифрлық үкіметтің" шлюзі;
3) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесі;
4) "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесі;
5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры" цифрлық жүйесі;
6) "Цифрлық үкіметтің" төлем шлюзі" цифрлық жүйесі;
7) "Мекенжай тіркелімі" цифрлық жүйесі;
8) "Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі" цифрлық жүйесі;
9) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы" цифрлық жүйесі;
10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;
11) "АХАЖ" цифрлық жүйесі;
12) "Жылжитын мүлік тізілімі" цифрлық жүйесі;
13) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі" цифрлық жүйесі;
14) "Қазақстан Республикасының электрондық нысандағы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі" цифрлық жүйесі;
15) "Мемлекеттік жер кадастры" автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
16) "Мобильді үкімет" цифрлық жүйесі;
17) "ASHYQ" Платформасы" бағдарламалық жасақтама (электрондық-есептеу машинасына арналған бағдарлама);
18) "Е-өтініш" цифрлық жүйес;
19) "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" цифрлық жүйесі;
20) "Е-қызмет" персоналды басқарудың интеграцияланған цифрлық жүйесі;
21) "Е-заң көмегі" заң көмегінің бірынғай цифрлық жүйесі;
22) "Біріңғай нотаритаттық ақпараттық жүйе" цифрлық жүйесі;
23) "Есепке алу-бақылау маркаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" цифрлық жүйесі;
24) "Е-КТРМ" техникалық реттеудің цифрлық жүйесі;
25) "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" цифрлық жүйесі;
26) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау мен сақтаудың цифрлық жүйесі;
27) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" цифрлық жүйесі;
28) "Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы" цифрлық жүйесі;
29) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы" цифрлық жүйесі;
30) "Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы" цифрлық жүйесі;
31) "Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабы" цифрлық жүйесі.
| Бұйрыққа қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген).
2. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 160 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14354 болып тіркелген).
3. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14900 болып тіркелген).
4. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 286 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15635 болып тіркелген).
5. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 241 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17037 болып тіркелген).
6. "Электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 178/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19147 болып тіркелген).
7. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 396/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21505 болып тіркелген).
8. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 107/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22446 болып тіркелген).
9. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 212/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23035 болып тіркелген).
10. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 275/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23896 болып тіркелген).
11. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30158 болып тіркелген).
12. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 485/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31017 болып тіркелген).
13. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 78/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32056 болып тіркелген).
14. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 85/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32401 болып тіркелген).
15. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 13 наурыздағы № 141/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34153 болып тіркелген).
16. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 346/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34508 болып тіркелген).
17. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 611/НҚ бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35162 болып тіркелген).
18. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 491/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 215233 болып тіркелген).
