"Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 268/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 215/НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 268/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік);";

      8-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Киберқауіпсіздік туралы" Заңын (бұдан әрі – "Киберқауіпсіздік туралы" Заң);";

      10-тармақтың он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпорынның киберқауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.";

      11-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Киберқауіпсіздік туралы" Заңды;";

      14-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Киберқауіпсіздік туралы" Заңды;";

      16-тармақтың он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіпорынның киберқауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.";

      17-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Киберқауіпсіздік туралы" Заңды;";

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік)";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Лауазымдық міндеттері:

      Ғылыми-техникалық экономикалық білімді арттыру және кәсіпорынның сыртқы және ішкі цифрлық ортасын құру мақсатында ғылымның, техниканың, экономиканың және озық өндірістік тәжірибенің отандық және шетелдік жетістіктері туралы арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жаңа жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің технологияларын пайдалана отырып жұмысты ұйымдастырады.

      Кәсіпорын басшылары мен мамандарының нарық конъюнктурасын зерттеу және кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерделеу, техникалық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау, өндірістік процестерді жетілдіру, еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару жөніндегі іс-шараларды дайындау үшін қажетті ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратқа қажеттіліктерін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Референц станциялар желісін құру және дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Тұтынушылардың түзету істерін уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

      Референц станциялар желілерін пайдалану бойынша нұсқаулықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Компьютерлік техниканы пайдалануды жақсарту және компьютерлік техниканы тиімді пайдалану бойынша шаралар жүргізуді ұйымдастырады.

      Кәсіпорынның киберқауіпсіздігін жасауға қатысады, ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық құралдары кешенін әзірлейді.

      Компьютерлік техниканың құрамдас бөлшектермен және материалдармен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады.

      Компьютерлік техниканың пайдаланылуын жақсарту және компьютерлік техниканы тиімді пайдалану бойынша шаралар жүргізуді ұйымдастырады.

      Кәсіпорынның ғылыми-техникалық және экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіпорынның тұтас цифрлық ортасын құру мақсатында озық технологияларды зерделеу және қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

      Кәсіпорынның цифрлық жүйелерін жобалау, әзірлеу, енгізу және дамыту барысында бөлім жұмысын ұйымдастырады.

      Басқа бөлімшелермен бірлесіп жаңа техникалар мен технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыруға қатысады.

      Кәсіпорынның цифрлық жүйелерін жобалауға, әзірлеуге, енгізуге, дамытуға және инновациялық жобаларын іске асыруға арналған шығындарды жоспарлауға және негіздеуге қатысады.

      Кәсіпорынның цифрлық деректерінің архитектурасын әзірлеуге басшылық жасайды.

      Кәсіпорынның цифрлық қорын жасау процестеріне қатысады.";

      29-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Киберқауіпсіздік туралы" Заңды;";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) геодезия және картография және/немесе автоматтандыру және/немесе цифрлық жүйелер білімі және ұйымның тиісті бағытындағы 4 жылдан кем емес жұмыс өтілі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Ж. Мәдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Бұйрыққа 1-қосымша
Геодезия және картография
саласындағы ұйымдардың
басшылары мен мамандары
лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларына
1-қосымша

Басшылар мен мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

№ р/р

Басшылар мен мамандар лауазымдарының атауы

1-тарау. Кіріспе


2-тарау. Басшылардың лауазымдары


1.

Бас директор

2.

Бас директордың орынбасары

3.

Филиал директоры

4.

Филиал директорының орынбасары

5.

Геодезия және картография басқарма басшысы

6.

Жобалау және жоспарлау бөлімінің басшысы

7.

Бөлім басшысы (топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштүсірілім жұмыстары)

8.

Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік)

9.

Бөлім басшысы (сараптама, карталарды редакциялау)

10.

Техникалық бақылау бөлімінің басшысы

11.

Бөлім бастығы (картографиялық, материалдарды дайындау және сақтау)

12.

Топ басшысы (тақырыптық картография, фотограмметриялық жұмыстар)

13.

Топографиялық-геодезиялық партияның басшысы

14.

Картографиялық өнімдерді жасау тобының меңгерушісі

3-тарау. Мамандардың лауазымдары


15.

Аэрофотогеодезист

16.

Геодезист

17.

Картограф

18.

Карталардың корректоры

19.

Карталардың редакторы

  Бұйрыққа 2-қосымша
Геодезия және картография
  саласындағы ұйымдардың
басшылары мен мамандары
лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамаларына
2-қосымша

Өзгертілген кәсіп атауларының тізімі

№ р/р

Біліктілік сипаттамаларының бұрын қолданыста болған басылымдары бойынша басшылар және мамандар лауазымдарының атауы

Біліктілік сипаттамаларының жаңа басылымдағы басшылар және мамандар лауазымдарының атауы

1.

Директор (бас директор)

Бас директор

2.

Директордың (бас директордың) орынбасары

Бас директордың орынбасары

3.

Геодезия және картография басқармасының бастығы

Геодезия және картография басқармасының басшысы

4.

Жобалау және жоспарлау бөлімінің бастығы

Жобалау және жоспарлау бөлімінің басшысы

5.

Бөлім бастығы (топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштүсірілім жұмыстары)

Бөлім басшысы (топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштүсірілім жұмыстары)

6.

Бөлім бастығы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік)

Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік)

7.

Бөлім бастығы (сараптама, карталарды редакциялау)

Бөлім басшысы (сараптама, карталарды редакциялау)

8.

Техникалық бақылау бөлімінің бастығы

Техникалық бақылау бөлімінің басшысы

9.

Бөлім бастығы (картографиялық, материалдарды дайындау және сақтау)

Бөлім басшысы (картографиялық, материалдарды дайындау және сақтау)

10.

Топ бастығы (тақырыптық картография, фотограмметриялық жұмыстар)

Топ басшысы (тақырыптық картография, фотограмметриялық жұмыстар)

11.

Топографиялық-геодезиялық партияның бастығы

Топографиялық-геодезиялық партияның басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады