2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: "Теміржол көлігіндегі көліктік-экспедициялық қызметтер" кәсіби стандарты "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33401 болып тіркелген) бекітілген Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту қағидаларына сәйкес әзірленді, білім беру бағдарламарын қалыптастыруға, және қызметкерлердің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы, оның ішінде белгілі бір еңбек функцияларын орындауы үшін қажетті біліктілік деңгейлерін анықтауға, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) аралас тасымалдау – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) бойынша көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау;
2) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
3) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
4) жүк – тасымалдау шартын ресімдей отырып, тасымалдауға қабылданған мүлік, оның ішінде бос меншікті вагон (контейнер);
5) жүк алушы – тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті алатын тұлға;
6) жүк жөнелтуші – тасымалдау құжаттарында көрсетілген және жүкті жөнелтетін тұлға;
7) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;
8) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;
9) кәсіптік стандарт (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
10) көлік логистикасы – жүк жөнелтушіден (өндірушіден) жүк алушыға дейін әртүрлі көлік түрлерін (теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе) қолдана отырып, тасымалдауды жоспарлау және басқару, сонымен қатар тасымалдаудың әр кезеңінде жүктің қозғалысын бақылауды қамтитын әрекеттер жүйесі;
11) көлік экспедициясы шарты – экспедитор төлемақы үшін және клиенттің (жүк жөнелтуші немесе алушы) есебінен келісімшартта көрсетілген экспедициялық қызметтерді орындауға немесе ұйымдастыруға, соның ішінде клиент атынан немесе өз атына жүк тасымалдау шартын жасауға міндеттенетін келісім;
12) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
13) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
16) теміржол жолдары – жылжымалы құрамның қозғалысы жүзеге асырылатын меншік құқығына жататын объектілер (магистральдық, станциялық, кірме жолдар);
17) теміржол көлігі – теміржол жолдары бойымен тасымалдауды қамтамасыз ететін көлік түрі;
18) теміржол көлігіндегі тасымалдаушы (тасымалдаушы) – жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігі арқылы жөнелту, оның ішінде халықаралық, облыстық, аудандық (қалааралық) және ішкі (қала және қала маңы) тасымалдаулар;
19) теміржол тасымалдаушысы – жүк немесе жолаушылар, багаж, жүк-багаж, пошта жөнелтілімдерін тасымалдайтын, тасымалдау құжаттарында көрсетілген, меншік құқығында немесе заңды негізде теміржол көлігін иеленетін тұлға, соның ішінде тартқыш қозғалтқыш құралдары;
20) теміржолдағы экспедиторлық қызмет – тасымалдауға байланысты қызметтерге сұранысты қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
21) халықаралық теміржол жүк қатынас туралы келісім – мемлекеттер қатысушылары арасында теміржол көлігі арқылы жүктерді тасымалдау тәртібін реттейтін халықаралық келісім;
22) экспедитор – жүк тасымалдауды ұйымдастыру қызметін көрсететін, экспедиция шарты бойынша тасымалдау құжаттарында төлеуші ретінде көрсетілуі мүмкін тұлға;
23) экспедиторлық құжаттар – клиенттен экспедиторға құқықтар мен міндеттерді беруді растайтын құжаттар, сондай-ақ Халықаралық экспедиторлық ассоциациялар федерациясы мен Халықаралық сауда-өнеркәсіп палатасы қабылдаған халықаралық құжаттар.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
2) БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
7) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер.
5. Кәсіптік стандарттың коды: H129.
6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету:
52.29.9 Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: "Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызметтер" Кәсіптік стандарты экспедиция шартында темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауға байланысты айқындалған қызметтерді орындауды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:
2) Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызмет саласындағы маман – 6 СБШ-нің деңгейі;
3) Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық компанияның басшысы – 7 СБШ-нің деңгейі;
7) Жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі маман – 5 СБШ-нің деңгейі.
9. Кәсіптің карточкасы "Теміржол көлігі экспедиторы":
|
Топтың коды:
|
3331-0
|
Қызмет атауының коды:
|
3331-0-008
|
Кәсіптің атауы:
|
Теміржол көлігі экспедиторы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
3
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (жұмысшы кәсіптер)
|
Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)
|
Біліктілік:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (жұмысшы кәсіптер)
|
Мамандық:
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
Біліктілік:
|
Білім деңгейі:
негізгі орта білім
|
Мамандық:
-
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Жұмыс тәжірибесі жоқ
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Теміржол тасымалын экспедициялау
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Жүктерді қабылдау, тапсыру және ілеспе қызмет көрсету;
2. Құжаттық рәсімдеу.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
1-еңбек функциясы:
Жүктерді қабылдауды, тапсыруды құжаттамалық ресімдеуді қамтамасыз ету
|
|
|
1-дағды:
Жүктерді қабылдауды және тапсыруды ұйымдастыру
|
Машықтар:
1. Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау;
2. Жүктерді қарау, қабылдау және тапсыру;
3. Жүктердің сандық және сапалық көрсеткіштерінің сүйемелдеу құжаттарына сәйкестігін тексеру;
4. Жүктің қаптамасының (тарысының) жай-күйін (бүтіндігін) тексеру, оны жүк тасымалдау қағидаларының және сүйемелдеу құжаттамасының талаптарына сәйкес таңбалау;
5. Жүктеу-түсіру және бекіту жұмыстарын дұрыс жүргізілуін бақылау.
|
Білімдер:
1. Тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі;
2. Жүктерді қабылдау және тапсыру тәртібі;
3. Экспедицияланатын жүктерді тасымалдау және сақтау шарттары;
4. Экспедицияланатын жүктерді тасымалдау маршруттары, теміржол қатынасының түрі;
5. Жүктерді таңбалау және буып-түю қағидалары;
6. Жүктердің негізгі жеткізушілерінің орналасқан жері, мекенжайлары және олардың қоймалары;
7. Жылжымалы құрам мен контейнерлердің тиеу-түсіру операциялары кезіндегі тоқтап қалу нормативтері;
8. Еңбекті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитария қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары;
9. Тиеу-түсіру және бекіту жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Жүктерді тасымалдау шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау
|
Машықтар:
1. Жүктерді тасымалдауға арналған құрал-жабдықтардың болуын және жұмыс қабілеттілігін, жүктердің дұрыс орналастырылуын, төселуін және бекітілуін тексеру;
2. Жүктерді сақтау және олардың бүтіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті режимдердің сақталуын қамтамасыз ету;
3. Тасымалдауға арналған жылжымалы құрамның санитарлық жағдайын тексеру.
|
Білімдер:
1. Санитарлық нормалар мен талаптар;
2. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Жүктерді орналастыру, төсеу және бекіту нормалары;
4. Жылжымалы құрамның, тасымалдауға арналған құрал-жабдықтардың жұмыс қабілеттілік көрсеткіштері, жүктерді бекіту көрсеткіштері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы:
Құжаттық рәсімдеу
|
|
|
1-дағды:
Қабылдау-тапсыру және ілеспе құжаттаманы рәсімдеу
|
Машықтар:
1. Қабылдау-төсіру (вагондарды беру-қабылдау ведомостері, ескерту парағы, натурлық парақ) құжаттарын рәсімдеу;
2. Жүкке қатысты сүйемелдеу құжаттарын тексеру;
3. Жеке компьютерде қажетті бағдарламаларды, соның ішінде офис қосымшаларын қолдана отырып жұмыс істеу, факсимильдік және көшірме оргтехникаларын пайдалану.
|
Білімдер:
1. Жүктерді қабылдау және тапсыру тәртібі;
2. Жүктерді қабылдау, тапсыру және жөнелту құжаттарының нысандары және оларды рәсімдеу ережелері;
3. Жеке компьютер және офис бағдарламалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Жүктердің жетіспеуі, бүлінуі туралы құжаттарды жасау мәселелері бойынша кеңес беру
|
Машықтар:
1. Жүктердің жетіспеуіне, бүлінуіне және басқа да тиісті құжаттарға актілер жасауға қатысу;
2. Қажетті бағдарламаларды қолдана отырып дербес компьютерде жұмыс істеу;
3. Кеңсе қосымшаларында, факсимильді және көшірме ұйымдастыру техникасында жұмыс істеу.
|
Білімдер:
1. Жүктерді қабылдау және тапсыру тәртібі;
2. Жетіспеушілік туралы құжаттардың нысандары;
3. Жүктердің бүлінуі туралы нысандар және оларды толтыру тәртібі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Жауапкершілік
Командада жұмыс істей білу
Өз пікірін сенімді және нақты жеткізе білу
Орындаушылық
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
4
|
Жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі маман
|
4
|
Теміржол көлігіндегі тарифтеуші
|
10. Кәсіптің карточкасы "Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызмет саласындағы маман":
|
Топтың коды:
|
2432-0
|
Қызмет атауының коды:
|
2432-0-007
|
Кәсіптің атауы:
|
Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызмет саласындағы маман
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген.
99-параграф. Экспедиция меңгерушісі
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Көлік қызметтері
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)
|
Біліктілік:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық:
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
Біліктілік:
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Жоғары білім (бакалавриат, маман) және/немесе техникалық және кәсіптік білім (орта буын маманы) және кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
2432-0-008 - Логистика жөніндегі маман
2432-0-007 - Көліктік-экспедициялық қызмет саласындағы маман
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру саласында қызметтер көрсету
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жоспарлау және дайындау;
2. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
1-еңбек функциясы:
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды жоспарлау және дайындау
|
|
|
1-дағды:
Жүктерді тасымалдауды жоспарлау
|
Машықтар:
1. Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісімге және жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес клиенттермен өзара іс қимыл жасау және оларға тасымалдау құжаттарын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықтарды жіберу;
2. Алынған мәліметтер негізінде белгіленген мерзімдерде провоздық төлемдерді, тарифтерді, алымдарды, айыппұлдарды және көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу;
3. Жеткізу мерзімдерін айқындау, жүктердің нақты жеткізу уақытын талдау және мерзімдердің сақталмауы жағдайында талап-шағымдар ресімдеу;
4. Көлік, экспедиторлық және қойма ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
5. Жүктерді белгіленген мерзімдер мен шығындарды ескере отырып жеткізудің оңтайлы схемалары мен тәсілдерін әзірлеу;
6. Жеке компьютерде жұмыс істеу, қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді, кеңселік қосымшаларды, сондай-ақ факсимильдік және көшіру техникасын пайдалану;
7. Құжаттарды электрондық және дәстүрлі пошта арқылы жіберу және қабылдау.
|
Білімдер:
1. Коммерциялық ұсыныстың құрылымы;
2. Тасымалдау құнын есептеу әдістері;
3. Теміржол қатынасының түрлері, тасымалдау маршруттары және оларды орындау шарттары;
4. Түйісетін көлік түрлерінің негізгі тасымалдаушыларының тарификация жүйелері;
5. Транзиттік тасымалдарды қоса алғанда, тасымалдау төлемдерін, тарифтерді, алымдарды, айыппұлдарды және қосымша төлемдерді есептеу тәртібі;
6. Жүктерді тасымалдауда қолданылатын жылжымалы құрамның түрлері және олардың негізгі техникалық параметрлері;
7. Тиеу-түсіру операцияларына қойылатын нормалар мен нормативтер;
8. Негізгі халықаралық келісімдердің нормалары, ұлттық нормативтік-құқықтық актілер, компанияның қызметіне қатысты ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік уәкілетті органдардың, ұйымдардың әдістемелік және нормативтік материалдары;
9. Дербес компьютер және корпоративтік бағдарламалық өнімдер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Құжаттаманы дайындау және жүргізу жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. ҚР заңнамасының және халықаралық келісімдердің талаптарына сәйкес құжаттаманы ресімдеу;
2. Ақпараттық жүйелерді, соның ішінде жүк қозғалысын бақылау бағдарламаларын және тасымалдаушының бағдарламалық кешендерін пайдалану;
3. Жүк тасымалдауға арналған құжаттарды олардың толықтығын, дұрыстығын және мемлекеттік бақылау органдарының талаптарына сәйкестігін тексеру және қабылдау;
4. Тасымалдауды ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды алу мақсатында клиенттерге сұратулар дайындау;
5. Тасымалдау-сүйемелдеу, экспедициялық құжаттарды және теміржол жүкқұжаттарын, оның ішінде халықаралық үлгідегілерді ресімдеу;
6. Экспедитордың коды мен қысқартылған атауын пайдалана отырып, тасымалдаулардың есебін жүргізу, соның ішінде электрондық құжаттармен жұмыс істеу;
7. Мемлекетаралық түйісу бекеттерінен өту кезінде алдын ала ақпараттандыруға қажетті деректердің тасымалдаушыға уақытылы ұсынылуын бақылау;
8. Клиент атынан шарттар жасасу;
9. Жүкті қайта бағыттауға арналған өтінімдерді ресімдеу;
10. Кедендік транзит шеңберінде кедендік құжаттарды ресімдеуді және жүк декларациялануын ұйымдастыру және бақылау;
11. Халықаралық тасымалдау құралын декларациялау бойынша тасымалдаушының шығындарын төлеуді ұйымдастыру;
12. Коммерциялық актілерге қол қою;
13. Коммерциялық актілер мен өзге де құжаттар негізінде талап-шағымдарды ресімдеу;
14. Сақтандыру шарттарын әзірлеуді және жасасуды қамтамасыз ету және сақтандыру жарналарының төленуін ұйымдастыру;
15. Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда құжаттарды ресімдеу;
16. Құжаттарды электрондық және дәстүрлі пошта арқылы жіберу және қабылдау;
17. Корпоративтік және салалық ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу;
18. Қаржылық құжаттармен жұмыс істеу;
19. Қызметтік міндеттер шеңберінде іскерлік хат-хабар жүргізу.
|
Білімдер:
1. Тасымалдау-экспедициялық келісім және оны қолдану тәртібі;
2. Тасымалдаулар мен тасымалдау-экспедициялық қызметті реттейтін халықаралық келісімдердің және ұлттық нормативтік құқықтық актілердің негізгі нормалары;
3. Тасымалдау-сүйемелдеу және тасымалдау-экспедициялық құжаттарды ресімдеу ережелері;
4. ХЭҚФ экспедиторлық құжаттары;
5. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар тізімі;
6. Келісімшарттарды, қосымша келісімшарттарды және қосымшаларды ресімдеу ережелері;
7. Жүктерді тасымалдауды және кедендік декларациялауды ұйымдастыру бойынша типтік келісімшарттардың шарттары;
8. Тасымалдау маршруттары, тасымалдау түрлері (тікелей, аралас) және теміржол қатынасының түрлері;
9. Ішкі және сыртқы құжат айналымы ережелері;
10. Қаржылық құжаттарды ресімдеу ережелері;
11. Курьерлік қызмет және экспресс-пошта қызметін көрсету ережелері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы:
Жүк және коммерциялық жұмысты басқару
|
|
|
1-дағды:
Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру
|
Машықтар:
1. Жүктерді тиеу, түсіру, жеткізу және қабылдау бойынша ағымдағы жұмыс жоспарларын әзірлеу және бақылау;
2. Жүктерді тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттарды әзірлеу және келісу;
3. Жүктерді тасымалдау кезінде сүйемелдеу және/немесе күзету ұйымдастыру;
4. Жүктерді жөнелту станцияларында тасымалдауға ұсынуды ұйымдастыру;
5. Жүктерді тағайындалған станцияларда қабылдауды ұйымдастыру;
6. Жүктерді клиенттің қоймасы мен теміржол станциясы арасында жеткізуді ұйымдастыру;
7. Жүктерді станциялар мен клиент қоймаларында тиеу, түсіру және қайта тиеуді бақылау;
8. Жөнелтімдерді жинақтау (консолидациялау және деконсолидациялау) ұйымдастыру;
9. Жүктерді маркировкалау, қайта маркировкалау және орау ұйымдастыру;
10. Жүктерді сақтау және қоймалауды ұйымдастыру;
11. Клиенттерді қажетті жалға алынатын құрал-жабдықтармен, вагондармен және контейнерлермен қамтамасыз ету;
12. Клиенттерге және тасымалдаушыға пломбалар мен құлыптау құрылғыларын беру;
13. Контейнерлерді, тасымалдау ыдыстарын және орамдарды күту және жөндеуді ұйымдастыру;
14. Экспедитордың меншігіндегі вагондар, контейнерлер, қоймалар, жер учаскелері және жүк алаңдарын жалға беру;
15. Жүктерді экспедитордың қоймаларында сақтау ұйымдастыру;
16. Көліктің тоқтап тұруын азайту, өткізу қабілетін арттыру және қойма мен тиеу-түсіру инфрақұрылымын тиімді пайдалану шараларын ұйымдастыру.
|
Білімдер:
1. Негізгі технологиялық процестер;
2. Жүктерді тасымалдау ережелері, көлемінен асып кеткен және қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Көлік тарифтерін құру қағидалары;
4. Жүктерді тасымалдау, бекіту, орау және маркировкалау шарттарына арналған стандарттар;
5. Жүктерді тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
6. Жүк тасымалдау және коммерциялық құжаттама;
7. Жүктерді күзету тәртібі жөніндегі ережелер;
8. Тиеу-түсіру жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету негіздері;
9. Жүк операциялары кезінде көлік құралдарының және контейнерлердің тоқтап тұру нормалары;
10. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыты жөніндегі ережелер;
11. Жүк және коммерциялық жұмысты автоматтандырылған басқару жүйелері;
12. Талап-шағымдармен жұмыс негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Жүк және коммерциялық жұмысты бақылау
|
Машықтар:
1. Жүк көліктері мен контейнерлердің жүк көтеру және сыйымдылық нормаларына сәйкес тиімді пайдаланылуын бақылау;
2. Тиеу-түсіру жұмыстарын, қоймалауды және жүктерді сақтауды ұйымдастыруды бақылау;
3. Жүктердің жолдағы қозғалысын бақылау;
4. Жүктерді қабылдау және беру кезінде кідірістерді болдырмау және халықаралық көлік қағидаларының талаптарын сақтау үшін станцияларды, жөнелтуді, тағайындауды, сондай-ақ түйіспе пункттерді жүк жөнелтушінің және жүк алушының жетіспейтін тасымалдау және ілеспе құжаттарымен таныстыруды қамтамасыз ету;
5. Тасымалдаушыдан халықаралық тасымалдау құралы бойынша декларациялар нөмірлерін алу (вагондар мен контейнерлерге);
6. Клиенттерді жүктердің жөнелтілуі, қозғалысы, шекарадан өтуі, келуі, берілуі және қайта тиелуі туралы хабардар ету;
7. Тасымалдаушыдан алынған және уәкілетті органдардың жүктер мен көліктерді ұстау туралы шешімдері жөніндегі ақпаратты клиенттерге беру;
8. Жеткізу мерзімі бұзылған жағдайда жүктерді іздестіру жұмыстарын жүргізу;
9. Тасымалдау-экспедициялық келісімшарттардың орындалуын бақылау;
10. Қызметкерлердің еңбек және өндірістік тәртіпті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, санитарлық нормалар және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын бақылау.
|
Білімдер:
1. Негізгі технологиялық процестер;
2. Кәсіпорын қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
3. Есеп беру формалары және есептерді тапсыру мерзімдері;
4. Теміржол көлігі арқылы жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Жүк операциялары кезінде көлік құралдарының және контейнерлердің тоқтап тұру нормалары;
6. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыты жөніндегі ережелер;
7. Жүктерді тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
8. Тиеу-түсіру жұмыстарында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелері;
9. Өндірістік жарақаттар мен апаттарды тергеу және есепке алу әдістемесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Командада жұмыс істей алу Өз пікірін нық әрі нақты жеткізу қабілеті
Сауаттылық
Жауапкершілік
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Теміржол көлігінде тасымалдау-экспедиция компаниясының басшысы
|
4
|
Жүктерді кедендік ресімдеу маманы
|
11. Кәсіптің карточкасы "Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық компанияның басшысы":
|
Топтың коды:
|
1325-1
|
Қызмет атауының коды:
|
-
|
Кәсіптің атауы:
|
Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық компанияның басшысы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
7
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы "Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелген.
91-параграф. Ұйым директоры (бас директор, атқарушы директор, президент, басқарма төрағасы, басқарушы)
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура, резидентура)
|
Мамандық:
Көлік қызметтері
|
Біліктілік:
-
|
Білім деңгейі:
жоғары білім (бакалавриат, маман дәрежесі, ординатура)
|
Мамандық:
Көлік қызметтері
|
Біліктілік:
-
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім сәйкес кадрларды дайындау бағыты бойынша және ұйымның экономикалық қызмет профиліне сәйкес жетекші лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; "Бизнес әкімшілігі магистрі" ғылыми дәрежесінің немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болуы қалаулы.
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
1324-0-015 - Агенттік бастығы (жарнамалық-ақпараттық, көліктік-экспедициялық және т.б.)
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Көлік-экспедициялық компанияның қызметін ұйымдастыру және бақылау
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Компанияның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау;
2. Логистикалық процестерді ұйымдастыру;
3. Компания қызметін стратегиялық басқару.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
1-еңбек функциясы:
Компанияның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасау
|
|
|
1-дағды:
Компания бөлімшелерінің, қызметкерлерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру
|
Машықтар:
1. Компания бөлімшелерінің және қызметкерлерінің ағымдағы қызметін бағыттау, түзету және бақылау;
2. Компания бөлімшелері мен қызметкерлерінің тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
3. Компанияның, оның бөлімшелерінің және әрбір қызметкердің жұмысының тиімділігін талдау және анықтау;
4. Ішкі құжат айналымы стандарттарын бекіту және олардың орындалуын бақылау;
5. Қызметкерлерді іріктеу, қажетті даярлық және қайта даярлық ұйымдастыру, ішкі және сыртқы оқытуды қамтамасыз ету.
|
Білімдер:
1. Компанияның профилі, мамандануы және құрылымы;
2. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау және экспедицияға байланысты негізгі технологиялық процестер;
3.Бизнес-процестер;
4. Ішкі нормативтік құжаттардың құрылымы және қабылдау тәртібі;
5. Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер нормалары, өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдар актілері;
6. Еңбек заңнамасының негіздері;
7. Еңбекті қорғау, санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері;
8. Халықаралық стандарттау ұйымының стандарттарымен анықталған сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастыру
|
Машықтар:
1. Бәсекелестік талдау жүргізу және компанияның баға саясатын бағалау;
2. Компанияны білікті персоналмен және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, кадрлық ресурстарды тиімді пайдалану;
3. Компанияны өндірістік ресурстармен қамтамасыз ету және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
4. Сыртқы құжат айналымы стандарттарын бекіту және олардың орындалуын бақылау;
5. Жеткізушілермен, клиенттермен және тасымалдаушымен келіссөздер жүргізу және іскерлік хат-хабар алмасу;
6. Тасымалдаушымен халықаралық транзиттік теміржол тасымалдары бойынша келісімшарттар жасау;
7. Халықаралық транзиттік тасымалдар кезінде тасымалдау құжаттарының көшірмелерін алу үшін келісімшарт жасауға өтінімдер беру;
8. Халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда және халықаралық транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы тасымалдаушымен шарттар жасасу;
9. Байланыс операторлары, вагондар және қайта тиеу орындарымен қызмет көрсету келісімшарттарын жасау;
10. Экспедитордың бірегей жеке есепшотын тасымалдаушының қаржы жүйесінде ашу және жүргізуді ұйымдастыру;
11. Жүк тасымалдау төлемдерін жүргізу үшін бірегей жеке есепшотта жеткілікті қаражат болуын қамтамасыз ету;
12. Экспедиторды тасымалдаушының ақпараттық жүйелерінде тіркеуді қамтамасыз ету;
13. Сақтандыру келісімшарттарын жасау және сақтандыру жарналарының төленуін ұйымдастыру;
14. Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда сақтандыру өтемін алу ұйымдастыру;
15. Шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, қызмет сапасын және операциялық тиімділікті жақсарту жобаларын әзірлеу және енгізу;
16. Тасымалдау-экспедициялық қызмет, сақтау және қоймалау бойынша келісімшарттық жұмыстарды ұйымдастыру;
17. Актілік және талап-шағымдық қызметті жүзеге асыру, соның ішінде актілерді рәсімдеу және талап-шағымдарды дайындау.
|
Білімдер:
1. Нарықтық шаруашылық жүргізу және басқару әдістері;
2. Нарық конъюнктурасы, өндірісті кеңейту, қызмет сапасын және еңбек өнімділігін арттыру үшін үздік тәжірибе;
3. Компанияның өндірістік қуаттары, кадрлық ресурстары және қызмет көрсету технологиясы;
4. Компания қызметін реттейтін халықаралық келісімдердің негізгі нормалары, ұлттық нормативтік-құқықтық актілер және мемлекеттік және корпоративтік органдардың әдістемелік материалдары;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келісімшарттарды жасау тәртібі;
6. Халықаралық тасымалдардың негіздері; 7. Халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда және халықаралық транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы тасымалдаушы мен экспедитордың үлгілік шарттары;
8. Актілік және талап-шағымдық жұмыстың негіздері;
9. Кәсіби қызмет этикасы;
10. Келіссөздер жүргізу және іскерлік хат-хабар алмасу үшін жеткілікті деңгейдегі ағылшын тілі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-дағды:
Негізгі операциялық көрсеткіштерді бақылауды жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Бар ақпараттық материалдарды талдау;
2. Нақты көрсеткіштерді бақылау;
3. Бірегей жеке есепшотқа қаражат түсуін және оны тағайындалуы бойынша пайдаланылуын бақылау;
4. Компанияның және жеке қызметкерлердің жұмыс тиімділігінің көрсеткіштерін бағалау/бақылау;
5. Қызмет сапасын бақылау, соның ішінде операциялардың уақтылығын, жүктерді жеткізуді және клиенттерді хабардар етуді қамтамасыз ету;
6. Вагондар, қайта тиеу орындары және байланыс операторымен жасалған келісімшарт шарттарының орындалуын бақылау;
7. Аналитикалық материалдарды дайындау және бағалау;
8. Басқарушылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
|
Білімдер:
1. Менеджмент негіздері;
2. Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттері;
3. Операциялық көрсеткіштердің мәндерін есептеу әдістемесі;
4. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігін бағалау көрсеткіштерін есептеу әдістемесі;
5. Негізгі халықаралық келісімдердің нормалары;
6. Теміржол көлігі арқылы жүктерді тасымалдауды реттейтін ұлттық нормативтік-құқықтық актілер;
7. Тасымалдау-экспедициялық келісімшарт шарттары;
8. Халықаралық (транзитті қоспағанда) және республикаішілік қатынастарда және халықаралық транзиттік қатынаста жүктерді темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру туралы тасымалдаушымен жасалған шарттардың талаптары;
9. Байланыс операторы, вагон операторы және қайта тиеу орындары операторымен жасалған келісімшарт шарттары;
10. Еңбек заңнамасының негіздері;
11. Еңбекті қорғау, санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері;
12. Есептік кезеңге арналған операциялық көрсеткіштер жоспары және операциялық көрсеткіштердің нақты орындалуы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
4-дағды:
Компания қызметінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Бюджеттеу, шығындарды бақылау және қызмет бағаларын қалыптастыру дағдыларын меңгеру;
2. Табыстылықты бағалау және шығындарды оңтайландыру;
3. Қаржылық есептілікті талдау және интерпретация негізінде бағалау;
4. Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
5. Әртүрлі корпоративтік бағдарламаларды пайдалану;
6. Тасымалдаушының, клиенттердің және жеткізушілердің әрекеттері немесе әрекетсіздіктерінен туындаған компания шығындарын рәсімдеу;
7. Компанияға келтірілген шығындарды өтеуді қамтамасыз ету.
|
Білімдер:
1. Қаржылық менеджмент негіздері;
2. Жүйелік талдау әдістері;
3. Нәтижелілікті бағалау критерийлері;
4. Қаржылық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі;
5. Компания жасаған шарттардың талаптары;
6. Көлік экономикасы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы:
Логистикалық процестерді ұйымдастыру
|
|
|
1-дағды:
Логистикалық процестерді ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз ету
|
Машықтар:
1. Көлік экспедициясы шарттары бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
2. Жүктерді жеткізудің оңтайлы бағыттары мен тәсілдерін анықтау;
3. Көлік және ілеспе құжаттарды ресімдеу;
4. Жүктердің қозғалысын үйлестіру және бақылау;
5. Клиенттің мүдделерін үшінші тұлғалардың алдында білдіру;
6. Қызметтердің логистикалық саласында анықтамалық-ақпараттық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
7. Жедел жұмыс жоспарларының орындалуын тасымалдау кестесін ұйымдастыру және түзету;
8. Тасымалдаушылардың, вагондар, терминалдар операторларының жұмысын үйлестіру;
9. Көлікті беру/жинау мерзімдерінің сақталуын бақылау;
10. Жүктерді тиеу мен жөнелтудің сақталуын бақылау;
9. Көліктік экспедиция шартына сәйкес штаттан тыс жағдайларға ден қою, шаралар қабылдау;
10. Жүк операциялары кезінде көліктің тоқтап қалуын қысқарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
11. Жұмысшылардың жұмыс орындарында озық еңбек тәсілдері мен әдістерін, басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;
12. Қажетті тасымалдау құжаттарын (жүкқұжаттар, актілер және т.б.) ресімдеуді қамтамасыз ету;
13. Электрондық теміржол құжаттарымен жұмысты жүзеге асыру;
14. Маршруттарды жоспарлаудың және жүктеуді оңтайландырудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, көліктік-логистикалық процестерді ұйымдастыру;
15. Жүктерді бақылау және тиімділікті талдауды қоса алғанда, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, көлік-логистикалық процестерді бақылау.
|
Білімдер:
1. Теміржол көлігінде негізгі технологиялық процестер;
2. Жүктерді тасымалдау ережелері, көлемі үлкен және қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
3. Теміржол көлігінде тасымалдау тарифтерін құру принциптері;
4. Жүктерді тасымалдау, бекіту, қаптау және маркировка стандарттары;
5. Жүктерді тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
6. Жүк тасымалдау және коммерциялық құжаттама;
7. Жүктерді қорғау тәртібі жөніндегі ережелер;
8. Тиеу-түсіру жұмыстарына материалдық-техникалық қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері;
9. Жүк операциялары кезінде көлік құралдары мен контейнерлердің тоқтап тұру нормалары;
10. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыты жөніндегі ережелер;
11. Жүк және коммерциялық жұмысты автоматтандырылған басқару жүйелері;
12. Актілік және талап-шағымдық жұмыстың негіздері;
13. Келіссөздер жүргізу және іскерлік хат-хабар алмасу үшін жеткілікті деңгейдегі ағылшын тілі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Жүк және коммерциялық жұмысты бақылауды жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Тиеу-түсіру жұмыстарын орындаудың ұйымдастырылуын бақылау;
2. Тасымалдау-экспедициялық келісімшарт және тасымалдаушымен жасалған келісімшарт шарттарының орындалуын бақылау;
3. Қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, қызметтік нұсқаулықтар мен еңбекті қорғау ережелерін сақтауын бақылау;
4. Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау;
5. Тасымалдау құжаттарының рәсімделуін тексеру;
6. Тасымалдау шарттарының сақталуын тексеру;
7. Жеткізу кезеңдерін нақты уақыт режимінде бақылау және тасымалдау шарттарын сақтау.
|
Білімдер:
1. Теміржол көлігінде негізгі технологиялық процестер;
2. Компания қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары;
3. Есеп беру нысандары және есеп беру мерзімдері;
4. Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау ережелері;
5. Жүк операциялары кезінде көлік құралдары мен контейнерлердің тоқтап тұру нормалары;
6. Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс және демалыс уақыты жөніндегі ережелер;
7. Жүктерді тиеу және бекіту бойынша техникалық шарттар;
8. Тиеу-түсіру жұмыстарында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелері;
9. Өндіріспен байланысты апаттық жағдайларды зерттеу және есепке алу әдістемесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
3-еңбек функциясы:
Компания қызметін стратегиялық басқару
|
|
|
1-дағды:
Компания қызметінің саясаты мен стратегиясын, оларды іске асыру тетігін әзірлеуді ұйымдастыру
|
Машықтар:
1. Компанияның саясатын, қызмет стратегиясын анықтау, стратегиялық даму мақсаттарын қою;
2. Көлік және транспорт-экспедициялық қызмет нарығының даму тенденцияларын анықтау, болжау және талдау;
3. Негізгі бәсекелестерді және нарықтағы бәсекелестік шарттарын анықтау;
4. Операциялық қызметтің стратегиялық талдау әдістері мен құралдарын қолдану;
5. Компанияның операциялық қызмет саласындағы міндеттерін қалыптастыру;
6. Компания мақсаттарына сәйкес жүзеге асыру жоспарын құрастыру;
7. Компания стратегиясының орындалуын бақылау.
|
Білімдер:
1. Стратегиялық менеджмент, маркетинг, өндірісті ұйымдастыру, заманауи бизнес-технологиялар және қаржылық басқару негіздері;
2. Тасымалдау-экспедициялық қызмет нарығында жұмыс істейтін жетекші компаниялардың құрылымы, жұмыс тәртібі, мақсаттары мен міндеттері;
3. Тасымалдауға қатысты стратегиялық, мақсатты бағдарламалар және нормативтік-құқықтық актілер;
4. Көлік және транспорт-экспедициялық қызметтің даму тенденциялары;
5. Стратегияларды, бизнес-жоспарларды, келісімшарттар мен келісімдерді әзірлеу тәртібі;
6. Жүктерді жеткізудің транспорттық схемаларын оңтайландыру әдістері, тәсілдері және құралдары;
7. Сыртқы экономикалық қызмет негіздері (Халықаралық көлік құқығы конвенциялары, кеден заңнамасының негіздері);
8. Электрондық құжат айналымының негіздері, электрондық құжат алмасу сервистері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Компания қызметінің стратегиясын іске асыруды мониторингілеу және бақылауды жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Таңдалған стратегияны бағалау;
2. Стратегияның орындалуын және компанияның мақсаттарына жетуін бағалау және бақылау;
3. Компанияның, оның құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін түзету;
4. Компания стратегиясын орындауға әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды талдау;
5. Стратегияны жүзеге асыру тиімділігінің критерийлері мен көрсеткіштерін әзірлеу;
6. Стратегиялық мақсаттардың орындалу нәтижелері бойынша есептілікті қалыптастыру;
7. Стратегиядан ауытқуларды анықтау және олардың себептерін бағалау;
8. Стратегиялық жоспарлар мен бөлімшелер іс-қимылын түзету жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
9. Компания бөлімшелері арасында стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді жеткізуді қамтамасыз ету;
10. Ағымдағы жобалар мен бастамалардың компанияның стратегиялық басымдықтарына сәйкестігін бақылау.
|
Білімдер:
1. Экономикалық көрсеткіштер жүйесі;
2. Стратегияны жүзеге асырудың әр кезеңінің мақсаттарын сипаттайтын көрсеткіштер;
3. Компания қызметіндегі күшті және әлсіз жақтар;
4. Бақылауы қиын сыртқы факторлар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Күйзеліске тұрақтылық
Командада жұмыс істей білу
Аналитикалық ойлау
Өз пікірін сенімді түрде жеткізе білу
Шешім қабылдай білу, оның ішінде уақыт шектеулі және ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
6
|
Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызмет саласындағы маман
|
12. Кәсіптің карточкасы "Теміржол көлігіндегі тарифтеуші":
|
Топтың коды:
|
4311-4
|
Қызмет атауының коды:
|
4311-4-005
|
Кәсіптің атауы:
|
Теміржол көлігіндегі тарифтеуші
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
4
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)
|
Біліктілік:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық:
Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
Біліктілік:
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
кемінде 2 жылдық практикалық жұмыс тәжірибесі
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Жүктерді тасымалдау тарифтерін есептеу
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Жүктерді тасымалдау тарифтерін есептеу;
2. Жүктерді тасымалдау бойынша өтініштерді өңдеу.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
1-еңбек функциясы:
Жүктерді тасымалдау тарифтерін есептеу
|
|
|
1-дағды:
Клиенттердің өтінімдерімен жұмысты рәсімдеу
|
Машықтар:
1. Клиенттердің өтініштерін өңдеу, жүктерді тасымалдау тарифтерін есептеу үшін қажетті ақпараттың (құжаттаманың) бар-жоғын талдау;
2. Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау;
3. Қажетті ақпаратты сұрау және алу.
|
Білімдер:
1. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау ережелері;
2. Ішкі еңбек тәртібі ережелері;
3. Кәсіби этика негіздері;
4. Экспедирленетін жүктерді тасымалдау маршруттары, теміржол қатынасының түрі
5. Жүктің түрі, сипаттамасы;
6. Вагондар, контейнерлер, транспорт құралдарының жіктелуі;
7. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдауға арналған тарифтерді есептеу және қолдану тәртібі;
8. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
9. Тарифтік саясат.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Клиенттерден алынған ақпарат негізінде жүктерді тасымалдау тарифтерін есептеуді жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Жүктерді тасымалдау тарифтерін, соның ішінде арнайы бағдарламаларды қолдана отырып есептеу;
2. Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау;
3. Қажетті ақпаратты сұрау және алу.
|
Білімдер:
1. Экспедирленетін жүктерді тасымалдау маршруттары, теміржол қатынасының түрі;
2. Вагондар, контейнерлер, транспорт құралдарының жіктелуі;
3. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдауға арналған тарифтерді есептеу және қолдану тәртібі;
4. Ақпараттық технологиялар және арнайы бағдарламалық өнімдер;
5. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері;
6. Халықаралық теміржол жүк қатынасы жөніндегі келісім;
7. Тарифтік саясат;
8. Жүктерді тасымалдау ережелері;
9. "ҚТЖ" ҰК" АҚ тарифтік нұсқаулығы (Прейскурант);
10. Қазақстан Республикасының тарифтер мен индексация коэффициенттері жөніндегі уәкілетті органының бұйрықтары;
11. Теміржол тасымалдауларына арналған тарифтерді реттейтін Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілері;
12. Жеңілдіктер мен маусымдық тарифтердің қолдану мерзімдері;
13. Еңбекті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері;
14. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитария қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары;
15. Ішкі еңбек тәртібі ережелері;
16. Кәсіби және іскерлік этика негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-еңбек функциясы:
Жүктерді тасымалдау бойынша өтініштерді өңдеу
|
|
|
1-дағды:
Өтінімдерді рәсімдеу және өңделген өтінімдерді есепке алу
|
Машықтар:
1. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау бойынша өтініштерді рәсімдеу және өңдеу;
2. Жеке компьютерде қажетті бағдарламаларды, соның ішінде офис қосымшаларын, факсимильдік және көшірме оргтехникаларын қолдана отырып жұмыс істеу;
3. Теміржол көлігінде жүктерді тасымалдау бойынша өтініштерді рәсімдеу және өңдеу.
|
Білімдер:
1. Өтініштерді қабылдау, рәсімдеу және өңдеу тәртібі;
2. Жүктерді қабылдау, тапсыру және жөнелту құжаттарының тізімі;
3. Жеке компьютер және офис бағдарламалары;
4. Ішкі іс жүргізу;
5. Еңбекті ұйымдастыру және қорғау негіздері, ішкі еңбек тәртібі ережелері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Жауапкершілік
Аналитикалық ойлау
Орындалымдылық
Математикалық ойлау қабілеті
Дәл есептеу қабілеті
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ-нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
5
|
Теміржол көлігінде тасымалдау-экспедициялық қызмет саласының маманы
|
3
|
Теміржол тасымалдары экспедиторы
|
15. Кәсіптің карточкасы "Жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі маман":
|
Топтың коды:
|
2432-0
|
Қызмет атауының коды:
|
2432-0-009
|
Кәсіптің атауы:
|
Жүктерді кедендік ресімдеу жөніндегі маман
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5
|
СБШ бойынша біліктілік ішкі деңгейі:
|
|
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
орта білімнен кейінгі (қолданбалы бакалавриат)
|
Мамандық:
Автокөлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
Біліктілік:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық:
Логистика (салалар бойынша)
|
Біліктілік:
|
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
|
Мамандық:
Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
|
Біліктілік:
|
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
|
Техникалық және кәсіби білім және кемінде 3 жылдық практикалық жұмыс тәжірибесі
|
Формалды емес және информалы біліммен байланыс:
|
|
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
|
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Жүктерді кедендік ресімдеуді жүзеге асыру және жүктердің теміржол көлігінде кедендік шекара арқылы өтуін қамтамасыз ету
|
Еңбек функциялардың сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Кедендік ресімдеу және кедендік шекара арқылы теміржол көлігінде жүктердің тасымалдануын бақылауды жүзеге асыру.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
1-еңбек функциясы:
Кедендік ресімдеу және кедендік шекара арқылы теміржол көлігінде жүктердің тасымалдануын бақылауды жүзеге асыру
|
|
|
1-дағды:
Кедендік құжаттардың барлық түрлерін ресімдеу
|
Машықтар:
1. Клиенттермен өзара іс-қимыл жасау;
2. Барлық түрдегі кедендік құжаттарды рәсімдеу;
3. Жүктің кедендік транзит рәсімі бойынша декларациялануын, өкілетті тұлғаның тапсырмасы бойынша ұйымдастыру;
4. Кедендік рәсімдеу және декларациялау үшін қажетті құжаттарды қабылдау және тексеру, мәлімделген деректердің дұрыстығы мен толықтығын, мемлекеттік органдар бақылауындағы жүктердің кедергісіз тасымалдануы үшін қажетті құжаттардың бар-жоғын қамтамасыз ету;
5. Жүктерді тасымалдау және кедендік рәсімдеу үшін клиенттен құжаттарды алу бойынша компетентті сұрау дайындау;
6. Түрлі тасымалдау-сүйемелдеу және тасымалдау-экспедициялық құжаттармен жұмыс істеу;
7. Көліктік теміржол жүкқұжаттарының, оның ішінде халықаралық және (немесе) тасымалдау құжаттарының жиынтықтарының, көліктік-ілеспе құжаттардың және экспедиторлық құжаттардың ресімделуін тексеру;
8. Жүктің кіретін мемлекетаралық түйіспелі пунктке (МАТП) келуінен кемінде 4 сағат бұрын тасымалдаушыға енгізілетін жүктер туралы мәліметтерді алдын ала хабарлау бойынша кеден саласындағы уәкілетті орган талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
9. Электрондық цифрлық қолтаңбалармен және электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу;
10. Бақылау жүйесінде (электрондық пломбалар) қатысу.
|
Білімдер:
1. Экспедирленетін жүктерді тасымалдау шарттары;
2. Экспедирленетін жүктерді тасымалдау маршруттары, теміржол қатынасының түрі;
3. Жүктерді таңбалау және буып-түю қағидалары;
4. Сыртқы экономикалық қызмет негіздері (Incoterms, көлік құқығы жөніндегі халықаралық конвенциялар, ЕАЭО кеден заңнамасының негіздері);
5. Еңбекті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары;
6. ЕАЭО және Қазақстан Республикасының Кеден кодексі;
7. Кеден заңнамасы саласындағы халықаралық келісімдер;
8. Импорт, экспорт және транзит бойынша нормативтік құқықтық актілер;
9. Кедендік рәсімдер: декларациялау, кедендік режимді таңдау, кедендік рәсімдерді аяқтау тәртібі мен мерзімдері;
10. Кедендік құнды айқындау;
11. Кедендік төлемдерді, салықтарды және алымдарды есептеу;
12. Лицензиялау, квоталар, тыйым салулар;
13. Санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және техникалық талаптар;
14. Сүйемелдеу құжаттарымен жұмыс (шарт, инвойс, буып-түю парағы, коносамент, сертификаттар және т.б.);
15. Тәуекелдер жүйелері және тексерулер (тексеру);
16. Кеден органдары жүйесінде электрондық өзара іс-қимыл.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
2-дағды:
Теміржол көлігі арқылы жүктердің кедендік шекарадан өтуін бақылауды жүзеге асыру
|
Машықтар:
1. Жүктің орналасқан жерін, кедендік шекараны кесіп өту уақытын, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуын, белгіленген кедендік режимге сәйкес шығарылуын айқындау;
2. Клиентті жүктің орналасқан жері және бақылау рәсімдерінен өту нәтижелері туралы хабардар ету;
3. Электрондық цифрлық қолтаңбалармен және электрондық құжат айналымымен жұмыс істеу;
4. Бақылау жүйесіне (электрондық пломбалар) қатысу.
|
Білімдер:
1. Экспедицияланатын жүктерді тасымалдау маршруттары, теміржол қатынасының түрі;
2. Сыртқы экономикалық қызметтің негіздері (Incoterms, көлік құқығы жөніндегі халықаралық конвенциялар, ЕАЭО кеден заңнамасының негіздері);
3. Еңбекті ұйымдастыру негіздері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі қағидалары;
ЕАЭО және Қазақстан Республикасының Кеден кодексі;
4. Кеден заңнамасы саласындағы халықаралық келісімдер;
5. Импорт, экспорт, транзит жөніндегі нормативтік құқықтық актілер;
6. Кедендік рәсімдер: декларациялау, кедендік режимді таңдау, кедендік рәсімдерді аяқтау мерзімдері мен тәртібі;
7. Кедендік құнды анықтау;
8. Кедендік төлемдерді, салықтарды, алымдарды есептеу;
9. Лицензиялау, квоталар, тыйымдар;
10. Санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және техникалық талаптар;
11. Ілеспе құжаттармен жұмыс (келісімшарт, инвойс, орау парағы, коносамент, сертификаттар және т. б.);
12. Тәуекел жүйелері және тексеру;
13. Кеден органдары жүйесіндегі электрондық өзара іс-қимыл.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
|
Жауапкершілік
Командада жұмыс істей білу
Өз пікірін сенімді және нақты жеткізе білу
Орындаушылық
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
5
|
Теміржол көлігіндегі көлік-экспедициялық қызмет саласындағы маман
|
3
|
Теміржол көлігі экспедиторы
|
16. Мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі.
С.Қ. Өзбеков, +7 (717) 298 33 02, transport@transport.gov.kz.
17. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі.
С.Қ. Өзбеков
E-mail: transport@transport.gov.kz.
Телефон нөмірі: +7 (717) 298 33 02.
18. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 2025 жылғы 3, 19 тамыз.
19. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2025 жылғы 28 қараша.
20. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
21. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2-нұсқа, 2025 жыл.
22. Болжамды қайта қарау күні: 2028 жылғы 31 желтоқсан.