Көксу ауданы, Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Жетісу облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 85 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағына сәйкес, Көксу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсанындағы "Балпық би ауылының аумағында ауылдық және ауыл маңындағы қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін келісу туралы" № 52-207 шешімінің негізінде, Көксу әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Көксу ауданының аумағында ауданішілік және ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көксу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д. Халелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады