"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 100 (жүз) теңге;
2) қолма-қол ақшамен төлем кезінде жол жүру үшін - 200 (екі жүз) теңге.
2. Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 278 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184296 болып тіркелген).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Текелі қаласының әкімі | А. Әділ |