Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тарифті белгілеу туралы

Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 16 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Текелі қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:

      1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлем кезінде - 100 (жүз) теңге;

      2) қолма-қол ақшамен төлем кезінде жол жүру үшін - 200 (екі жүз) теңге.

      2. Текелі қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 278 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 184296 болып тіркелген).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қаласының әкімі А. Әділ

Об установлении дифференцированного тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Текели

Постановление акимата города Текели области Жетісу от 26 января 2026 года № 16

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 19 Закона Республики Казахстан "Об автомобильном транспорте", акимат города Текели ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить дифференцированный тариф на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении на территории города Текели в следующих размерах:

      1) при безналичной оплате за проезд через систему электронной оплаты, включая посредством сети Интернет и устройств сотовой связи - 100 (сто) тенге;

      2) при наличной оплате за проезд - 200 (двести) тенге.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Текели от 25 июля 2023 года № 278 "Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городском сообщении" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 184296).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Текели.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Текели А. Әділ