Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 628-бабына және Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ "Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 157-НҚ бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 26 мамырда № 38793 болып тіркелген) Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихат төрағасының м.а. | Р.Салықова |
| Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 39-248 шешіміне қосымша |
Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы
№ р/с | Арнайы су пайдалану түрі | өлшем бірлігі | 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі, теңге |
Балқаш және Алакөл көлдері бассейні | |||
1. | Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 57,5 |
2. | Жылу энергетикасын қоса алғанда, өнеркәсіп | теңге/1000 текше метр | 172,5 |
3. | Ауыл шаруашылығы | теңге/1000 текше метр | 17,2 |
4. | Су көздерінен алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1000 текше метр | 17,2 |
5. | Гидроэнергетика | теңге/1000 киловатт-сағат | 402,5 |
6. | Су көлігі | теңге/1000 шақырым | 86,3 |
