2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 38 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 142-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы "____" ____________ №____ қаулысына қосымша

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Мекеме түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф, (теңге)

1

Стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар;
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдар.

7707

2

Жартылай стационарлық жағдайларда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар.

7530


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады