"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 22 шілдедегі № 345 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №2-к бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      13-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "халыққа мемлекеттік тілді және біртұтас Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету;";

      15-тармақта:

      4) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) орталық мемлекеттік органдарда және олардың ведомстволарында, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) халыққа мемлекеттік тілді, біртұтас Қазақстан халқының басқа да тілдерін және ағылшын тілін оқыту жөніндегі жұмысты үйлестіру;";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болатын Комитет төрағасы жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр тарапынан қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) Комитеттің штаттық кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің аппарат басшысына енгізеді;

      2) өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) Комитет төрағасының орынбасарларын заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындайды және қызметтерінен босатады;

      4) Комитеттің мемлекеттік қызметшілерін заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындайды және қызметтерінен босатады;

      5) заңнамада белгіленген тәртіппен Министрмен келісе отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды;

      6) Комитет қызметкерлерін көтермелеу, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізеді;

      7) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды, Комитет қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;

      10) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға дербес жауапты болады;

      11) тілдерді дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен марапаттау жөніндегі мәселелерді шешеді;

      12) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      13) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;

      14) тіл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғандығын анықтаған жағдайда ұйғарым береді.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нұрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады