"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 103-к бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін "Е-қызмет" ықпалдастырылған цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) арқылы жүргізіледі.";
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде цифрлық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген құрылымдық бөлімшелер (адам), соның ішінде цифплық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.";
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін цифрлық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымша арқылы алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде персоналды басқару қызметінде және цифрлық жүйеде сақталады.";
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару қызметімен цифрлық жүйе арқылы жіберіледі.";
23-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы мүшелерінің басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның цифрлық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.";
1-қосымшада 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2-қосымшада 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нұрбек |