Ұлытау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № 109 "Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 2026 жылғы 26 тамыздағы № 297 шешімі

      Ұлытау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау аудандық мәслихатының "Ұлытау ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2024 жылғы 5 наурыздағы №109 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мезгіл - мезгіл көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шегу себеппен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуіне – бір рет жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі - жағдай туындаған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;

      2) әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы №112 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесіне сәйкес, әлеуметтік мәні бар ауру болған жағдайда табыс деңгейіне қарамастан күнтізбелік жылына бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі."

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А.Құрмансейітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады