"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4, 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Байзақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, Байзақ ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Байзақ ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
3. Байзақ аудандық әкімшілігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 342 "Байзақ ауданы аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 188725 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. "Байзақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме заңнамада көрсетілген тәртіппен осы қаулыны Байзақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Байзақ ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Байзақ ауданының әкімі | О. Баққараев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы |
|
"КЕЛІСІЛДІ" "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
| Байзақ ауданының әкімдігінің 2026 жылғы "17" маусымдағы № 177 қаулысына 1-қосымша |
Байзақ ауданының аумағында кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
| Байзақ ауданының әкімдігінің 2026 жылғы "17" маусымдағы № 177 қаулысына 2-қосымша |
Байзақ ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде ұсынылатын үй-жайлар
№ | Елді мекеннің атауы | Кездесу өтетін орын |
1 | Абай ауылы | Жамбыл көшесі №4, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Абай ауылдық клубы |
2 | Аймантөбе ауылы | Маханбетәлі Алашбаев көшесі №32, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Берікқара орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
3 | Ақжар ауылы | Сәкен Сейфуллин көшесі №50, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
4 | Ақшолақ ауылы | Тұрғынбек Сапарбаев көшесі №1, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ақшолақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
5 | Байзақ ауылы | Сейдекүл Бәйдешова көшесі №30, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініңм Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Байзақ ауылдық клубы |
6 | Бурыл ауылы | 9 мамыр көшесі №13в, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Бурыл ауылдық клубы |
7 | Диқан ауылы | Әлі Күзенбай көшесі №19а, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Диқан ауылдық мәдениет үйі |
8 | Дихан-2 ауылы | 9 мамыр көшесі №27, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Диқан-2 ауылдық клубы |
9 | Жақаш ауылы | Шеке Әйтімбетов көшесі №46, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Жақаш ауылдық клубы |
10 | Жаңатұрмыс ауылы | Жаңбырбай Өмірәлиев көшесі №33, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Жаңатұрмыс орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
11 | Жетібай ауылы | Жамбыл көшесі №9б, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Жетібай ауылдық клубы |
12 | Кеңес ауылы | Ерғали Теміртаев көшесі №25, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің №3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
13 | Көкбастау ауылы |
Іскендір Шалбайұлы көшесі №40а, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің |
14 | Көкөзек ауылы | Нүркен Әбдуалиев көшесі №46, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Төребай Ақбозов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
15 | Көктал ауылы | Сәбит Мұқанов көшесі №10, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Көктал ауылдық мәдениет үйі |
16 | Қосы батыр ауылы | Қосы батыр көшесі №42а, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Қарасу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
17 | Қостөбе ауылы | Әулие-ата көшесі №56д, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Қостөбе ауылдық клубы |
18 | Құмжота ауылы | Талас көшесі №18а, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
19 | Мәдімар ауылы | Тойқара Наржанов көшесі №3, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Мәдімар ауылдық клубы |
20 | Мырзатай ауылы | Жамансары Әмірқұлұлы көшесі №4, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Мырзатай ауылдық клубы |
21 | Сарыкемер ауылы | Байзақ батыр көшесі №76, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны, Зада Әбдікәрімов көшесі №48, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы, Қосы батыр көшесі №47г, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
22 | Сенкібай ауылы | Қаныш Сәтбаев көшесі №34, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Еңбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
23 | Тегістік ауылы | Қарабөгет көшесі №3, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Тегістік ауылдық клубы |
24 | Түймекент ауылы | Дінмұхаммед Қонаев көшесі №78, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Түймекент ауылдық мәдениет үйі |
25 | Үлгілі ауылы | Жақыпбай Мырзабаев көшесі №126, "Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі" коммуналдық қазынашылық мемлекеттік кәсіпорны Үлгілі ауылдық клубы |
26 | Шахан ауылы | Учетный квартал 012, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының мәжіліс залы |
