Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Мақаншы ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № 6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына сәйкес Мақаншы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

      2. "Абай облысы Мақаншы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г. Ракишева) осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралардың орындалуын заңда белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Р. Ш. Абдрахмановқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің м.а. А. Сарбаева

      Мақаншы ауданы әкімдігінің "15" қаңтар 2026 жылғы № 6

1 қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қыметтерге жан басына шаққандағы тариф

Ұйым атауы

Үлгісі

Күніне 1 қызмет алушының тарифі

1

"Абай облысы Мақаншы ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы"КММ

Үйден қызмет көрсету

3456тг


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады