2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Абай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 4 наурыздағы № 44 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 – бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығының негізінде Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Абай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жолдау;

      2) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Аккожинаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Смағұлов

  Абай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы
"__"______________
№___қаулысына қосымша

2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымның атауы

Түрі

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

Күніне 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

"Абай облысы Абай ауданының әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру

364 112,32

4137,64


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады