Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 55/295-VIII шешімі

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Семей қаласы бойынша 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкасы қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласы мәслихатының төрағасы Е. Сагандыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады