Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII "Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/236-VIII шешімі

      Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Абай облысы мәслихатының "Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Абай облысы мәслихаты шешімінің қосымшасында:

      мемлекеттік тіліндегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары";

      орыс тіліндегі қосымшаның тақырыбы өзгеріссіз қалтырылсын;

      39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.";

      58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.";

      59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.".

      2. "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім қабылданған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін "Абай облысы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы маслихатының төрағасы Ш. Байбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады