Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205685 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінің қосымшасында:
6 реттік нөмірдегі жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
6. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жария ететін интернет-ресурста көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi) | таңба | 118 | 127 | 179 |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысының әкімі | Б. Уәли |
