"Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 25 қаулысы

      Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Абай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 205685 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Абай облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесінің қосымшасында:

      2 және 3 реттік нөмірдегі жолдар жаңа редакцияда жазылсын;

      16-жолмен толықтырылсын:

      "

2.

Абай облысы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

180

300

300

3.

Абай облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

151

200

200

16.

Өңірлік маңызы бар (Bi) мәселелерді жариялайтын интернет-ресурста бейнеролик дайындау жөніндегі (орналастыру) көрсетілетін қызмет

секунд

500

500

500

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің орынбасары М. А. Рахановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Б. Уәли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады