"Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 36/328-VIII шешiмi

      Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 3-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;";

      қосымшада:

      кестеде:

      реттік нөмірлері 3, 13, 16, 18, 23, 29, 39, 41, 42, 50, 57, 61, 65, 68, 72, 76, 78 -жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Маршруттың нөмірі

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар

3

4

"Оңтүстік" шағын ауданы – Шәмші Қалдаяқов көшесі

13

19

Әуежай – Төле би көшесі

16

23

Сейтжан Құртаев көшесі – Қапал батыр көшесі

18

26

Санжар Жандосов көшесі – "Ақниет" шағын ауданы

23

35

"Арғымақ" шағын ауданы – "11 шағын ауданы" аялдамасы

29

51

"Бекжан" базары – Түркістан көшесі

39

66

"Ынтымақ-2" шағын ауданы – "Тұран-2" шағын ауданы

41

68

"Күншығыс" шағын ауданы – Юрий Гагарин көшесі

42

69

Саяжол көшесі – "Бекжан" базары

50

96

"Сәуле" шағын ауданы – "Қазығұрт" шағын ауданы – "Көмешбұлақ" аялдамасы

57

122

№7 емхана – №142 мектеп – Азаттық көшесі

61

138

"Тұрлан" шағын ауданы – Тәуке хан даңғылы

65

143

"Бадам-2" тұрғын алабы – "Ордабасы" алаңы

68

147

"Ордабасы" алаңы – "Ақжар" тұрғын алабы – "Құлагер" шағын ауданы

72

158

"Самал" шағын ауданы – "18 шағын аудан" аялдамасы – "№13 емхана" аялдамасы

76

180

"Көкбұлақ" тұрғын алабы – "Арбат" аллеясы" аялдамасы

78

191

"Қарабастау" тұрғын алабы – Бауыржан Момышұлы көшесі

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 80, 81, 82 - жолдармен толықтырылсын:

      "

Маршруттың нөмірі

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар

80

5

"Құрсай" шағын ауданы – Республика даңғылы

81

8

"Көл" аялдамасы – Мұнайбарлаушылар көшесі

82

207

"Сайрам" тұрғын алабы – Nursultan Nazarbaev даңғылы

      ".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады