Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506–6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;";
кестеде:
реттік нөмірлері 3, 13, 16, 18, 23, 29, 39, 41, 42, 50, 57, 61, 65, 68, 72, 76, 78 -жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
№ | Маршруттың нөмірі | Әлеуметтік маңызы бар қатынастар |
3 | 4 | "Оңтүстік" шағын ауданы – Шәмші Қалдаяқов көшесі |
13 | 19 | Әуежай – Төле би көшесі |
16 | 23 | Сейтжан Құртаев көшесі – Қапал батыр көшесі |
18 | 26 | Санжар Жандосов көшесі – "Ақниет" шағын ауданы |
23 | 35 | "Арғымақ" шағын ауданы – "11 шағын ауданы" аялдамасы |
29 | 51 | "Бекжан" базары – Түркістан көшесі |
39 | 66 | "Ынтымақ-2" шағын ауданы – "Тұран-2" шағын ауданы |
41 | 68 | "Күншығыс" шағын ауданы – Юрий Гагарин көшесі |
42 | 69 | Саяжол көшесі – "Бекжан" базары |
50 | 96 | "Сәуле" шағын ауданы – "Қазығұрт" шағын ауданы – "Көмешбұлақ" аялдамасы |
57 | 122 | №7 емхана – №142 мектеп – Азаттық көшесі |
61 | 138 | "Тұрлан" шағын ауданы – Тәуке хан даңғылы |
65 | 143 | "Бадам-2" тұрғын алабы – "Ордабасы" алаңы |
68 | 147 | "Ордабасы" алаңы – "Ақжар" тұрғын алабы – "Құлагер" шағын ауданы |
72 | 158 | "Самал" шағын ауданы – "18 шағын аудан" аялдамасы – "№13 емхана" аялдамасы |
76 | 180 | "Көкбұлақ" тұрғын алабы – "Арбат" аллеясы" аялдамасы |
78 | 191 | "Қарабастау" тұрғын алабы – Бауыржан Момышұлы көшесі |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 80, 81, 82 - жолдармен толықтырылсын:
"
№ | Маршруттың нөмірі | Әлеуметтік маңызы бар қатынастар |
80 | 5 | "Құрсай" шағын ауданы – Республика даңғылы |
81 | 8 | "Көл" аялдамасы – Мұнайбарлаушылар көшесі |
82 | 207 | "Сайрам" тұрғын алабы – Nursultan Nazarbaev даңғылы |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |