БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"23) білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (егер жобаларды іске асыру аяқталмаған жағдайларда);
Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;";
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) Инфрақұрылымдық даму қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне;";
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
"25) тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Инфрақұрылымдық даму қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органы құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;";
мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
"26) Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Инфрақұрылымдық даму қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына пайдаланылмаған ақша қалдығын аудару үшін төлеуге берілетін шотты/төлем тапсырмасын ("Қазынашылық-клиент" ЦЖ-да электрондық бейнені қалыптастырады) немесе шетел валютасын қайта айырбастауға өтінімді ұсынады.".
149-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Түсiмдердiң жинақ шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Инфрақұрылымдық даму қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Инфрақұрылымдық даму қорына және Арнаулы мемлекеттік қорына төленетiн түсiмдер сомасын қайтару жүзеге асырылады.";
150-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кейіннен тиісті қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, түсімдер сомасын республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Инфрақұрылымдық даму қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлуді жүзеге асырады;";
152-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Республикалық, жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Инфрақұрылымдық даму қорының, Арнаулы мемлекеттік қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді бөлуді және оларға байланысты рәсімдерді "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, салықтық емес төлемдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорлардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 152 бұйрығына сәйкес және Бюджет кодексінің 58-бабының 3-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органның бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітілетін мұнай секторы ұйымдары тізбесінің негізінде бөлу нормативтері бойынша мемлекеттік қазынашылық жүзеге асырады (бөлудің I кезеңі).";
5-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-параграфпен толықтырылсын:
"3-1-параграф. Инфрақұрылымдық даму қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына және тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түсетін түсімдер
160-1. Инфрақұрылымдық даму қоры Ұлттық қордан берілетін трансферттер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Инфрақұрылымдық даму қорына түсетін түсімдер мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке алынады.
160-2. Инфрақұрылымдық даму қорының, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдер бойынша операциялар Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес есепке алынады.
Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің ____ жылғы № ___ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № ____ болып тіркелген) Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына, өлшемшарттарына сәйкес әзірленген және Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен бұдан әрі қаржыландыру үшін Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған мемлекеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – МИЖ Тізбесі) қаржыландыру мақсатында тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды тиісті саланың орталық уәкілетті органының ведомствосы іске асырған жағдайда, ведомствоға қолма-қол ақшаны бақылау шотын ашуға өтінімді мемлекеттік қазынашылық органына тиісті саланың орталық уәкілетті органы ұсынады.
Тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаражат республикалық бюджет комиссиясының шешімін және мақұлданған МИЖ Тізбесін қоса бере отырып төлеуге берілетін шот негізінде тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің (егер мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруға тапсырыс беруші квазимемлекеттік сектор субъектісі болған жағдайда) қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.
160-3. Тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының қолма-қол ақшаны бақылау шотының қаражатын пайдалануға байланысты төлемдерді жүргізу осы Рәсімдердің 6-тарауының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
160-4. Мемлекеттік қазынашылық органы тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлемдер жүргізу кезінде Бюджет кодексінің 110-бабына сәйкес ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
160-5. Инфрақұрылымдық даму қорының, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашу және жабу тәртібі осы Рәсімдердің 4-тарауы 3 және 5-параграфтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
