БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 305 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың оң жақ жоғары бұрышты мынадай редакцияда жазылсын:
| "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 маусымдағы № 305 бұйрығымен бекітілген" |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану қағидаларында:
8-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған цифрлық жүйесіне бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен және өтелмеген берешекті растайтын мынадай құжаттарды енгізеді:";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану жөніндегі Өңірлік комиссия (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) құрады.
Өңірлік комиссияның құрамы мен ережесі астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітіледі.";
12 және 13-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Кредитордың бюджеттік кредиттерді өндіріп алуға үмітсіз деп тану туралы шешімінің жобасы республикалық бюджет комиссиясының/ астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жіберіледі.
13. Өндіріп алуға үмітсіз деп танылған бюджеттік кредиттер бойынша берешек кредитордың шешімі және республикалық бюджет комиссиясының/ астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде есептен шығаруға жатады.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшаға орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
3. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап енгізілетін және ресми жариялануға жататын осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
