"Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 389 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 560 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасын және пайдалану тәртібін, сондай-ақ Танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 42-бабы 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары нышанының сипаттамасы және пайдалану тәртібі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі бекітілсін.";

      Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібінде:

      жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 2 қазандағы
№ 560 бұйрығына
1-қосымша";

      4 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3) "Бәйтерек" – біртұтас халықтың даналығын, беріктігін және жетістігін білдіретін нышандардың бірі болып табылады.

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тіліндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы "2" қазандағы
№ 560 бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібі (бұдан әрі – Сипаттама мен Тәртіп) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы мен танымдық белгісінің сипаттамасы мен қолдану тәртібін айқындайды.

2-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгінің сипаттамасы

      2. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы ашық сұр түсті тікбұрышты матадан тұрады.

      Ту сабының тұсында матаның биіктігі бойымен алтын түсті ұлттық ою-өрнек және оның оң жағында алтын түсті жіңішке тік сызық орналасқан.

      Матаның төменгі оң жағында бұрышында толқын тәрізді алтын түсті сәнді композиция орналасқан.

      Тудың ортасында диаметрі 400 миллиметр мемлекеттік кірістер органдарының бекітілген нышанының бейнесі орналастырылады.

      Ту енінің оның ұзындығына қатынасы – 1:1,5 құрайды.

      3. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туы және оның бейнесі мөлшерлеріне қарамастан, осы Сипаттама мен Тәртіпке қосымшада келтірілген оның түрлі – түсті және схемалық бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келеді.

      4. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық белгісі мемлекеттік кірістер органдарының символы түрінде қолданылады.

      5. Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық белгісінің сипаттамасы мен схемалық көрінісі осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдары символының сипаттамасы мен пайдалану тәртібінде келтірілген.

3-тарау. Танымдық ту мен танымдық белгіні қолдану тәртібі

      6. Танымдық ту мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі өзен, теңіз кемелерінде және мемлекеттік кірістер органдарының мекемелерінде қолданылады.

      7. Танымдық белгі:

      1) кеден ісі саласындағы қызметті орындау шеңберінде пайдаланылатын мемлекеттік кірістер органдарының иелігіндегі көлік құралдарының барлық түрлеріне қолданылады және екі жағынан симметриялы орналастырылады;

      2) кеден ісі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киімінде қолданылады.

      Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының нысанды киімінде орналасқан танымдық белгінің мөлшері 2,5:2,5 құрайды. Танымдық белгіні бейнелеу кезінде оның енінің ұзындығына сәйкестігі – 1:1.

  Мемлекеттік кірістер
органдарының танымдық
туы мен танымдық белгісінің
сипаттамасы мен қолдану
тәртібіне қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының танымдық туының графикалық бейнесі

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады