"Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 18 мамырдағы № 311 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышында:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтер

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10

3
5
5
5

207
694
254
700

256
007
010
011

100
100
015
015

014

1. Жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендері туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде:
1) туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттаустанциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотелдер, туристік базалар, балық өсіру шаруашылықтары, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды салу және орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;
2) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, сондай-ақ балық өсіруді жүргізу;
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;
4) пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және аббаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;
5) қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;
6) көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну.

1) табиғи кешендерді сақтау және дамытуға;
2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;
3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;
4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;
5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға;
6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетушілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;
7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (қызметі) құнының ақысын төлеуге;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;
9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы тетіктер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;
11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;
13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;
14) табиғат музейлері мен көрмелерді ұйымдастыруға және оларды күтіп ұстауға;
15) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;
16) жарнамалық қызметті жетілдіруге;
17) экологиялық насихатауға;
18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға. (112, 113, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 141, 142, 143, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 156, 159, 161, 165, 169, 413, 414, 416, 417, 419, 421 және 431).

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабы, "Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығы (бұдан әрі – № 175 Қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36373 болып тіркелген).

РБ
РБ
ЖБ
ЖБ

10
10
10
10

3
5
5
5

207
694
254
700

256
007
010
011

100
100
015
015

015

Шектеулі шаруашылық қызметінен, оның ішінде:
1) кәдесый өнімдерін өндіруден;
2) аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;
3) жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);
4) ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;
5) шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімдерін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелерді жасаудан түсетін кірістер;
6) балық шабақтарын өсіруден;
7) жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден;
8) орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден) алынған табыстар;

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ

10
10

5
3

694
207

007
256

100
100

016

Рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ
ЖБ

10
10
10

5
3
5

694
207
254

007
256
010

100
100
015

017

Баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ
РБ
ЖБ

10
10
10

5
3
5

694
207
254

007
256
010

100
100
015

018

Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары, сондай-ақ гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражаты

Сол сияқты

Сол сияқты

      ";

      "Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Мемлекеттiк мекемелер ұсынатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында көрсетілетін қызметтер

РБ

10

1

212

255

100

037

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау нәтижесiнде алынған өнiмдердi өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

1) сұрыптық сынау станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулер жүргізу;
2) көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, комбайндарды, күштік машиналар мен жабдықтарды, генератор машиналарын, жұмыс машиналары мен жабдықтарды, өлшеу аспаптарын, реттеуші аспаптар мен құрылғыларды, зертханалық жабдықтарды, компьютерлік жабдықтарды, өзге де машиналар мен жабдықтарды, жалпы мақсатқа арналған механикаландырылған және механикаландырылмаған еңбек құралдарын, өндірістік мүкәммал мен керек-жарақтарды, шаруашылық мүкәммалын, өртке қарсы мақсатқа арналған заттарды, өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал мен құралдарды сатып алу;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
4) сұрыптық сынау саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық, мамандар мен жұмысшыларға, техникалық персоналға, еңбекақы төлеу;
5) отын, жанар-жағармай материалдарын (май, тосол, отын, көмір, шымтезек, бензин, керосин, мазут, автол және басқа да жанар-жағармай материалдары), жанар-жағармай материалдарына талондар сатып алу, сондай-ақ отынның барлық түрлерін тиеу, түсіру, тасымалдау және сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
6) өзге де материалдарды (отырғызу материалы, тұқымдар, тыңайтқыштар, пестицидтер, техникалық ақпарат тасығыштар, почта маркалары, таңбаланған конверттер, бланк өнімдері, кіріс (шығыс) хат-хабарларды тіркеу журналдары, картридждер, тонерлер) сатып алу;
7) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрі қобдишаларын (автомобильдерге арналған дәрі қобдишаларын) сатып алу;
8) құрылыс және монтаждау жұмыстары процесінде пайдаланылатын құрылыс материалдарын (рукан (рубероид), араластырғыштар, раковиналар, унитаздар, душ кабиналары, ванналар, есік блогы, терезе блогы, коннектор, кәбіл каналы, есіктер, есіктегі тұтқалар, есік жеткізгіш, ойма құлып, розеткалар, ажыратқыштар, линолеум, ковролан) сатып алу;
9) шаруашылық материалдарын (электр желілік сүзгілерді, ұзартқыштарды, ыдыстарды, үй-жайларды күтіп ұстауға арналған тазалағыш, дезинфекциялағыш, жуғыш құралдарды, ауа тазартқыштарды, қоқысқа арналған қаптарды; шүберектерді, шаруашылық қолғаптарды, күректерге арналған саптарды, батареяларды, шпагаттарды, шлангілерді, дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, үй-жайларды жинауға арналған керек-жарақтарды, кеңсе керек-жарақтарын, арнайы киімдер, қораптар, тұқымдарға арналған қаптар) сатып алу;
10) байланыстың барлық түрлерінің көрсетілетін қызметтеріне, оның ішінде интернет байланысы, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге, үй-жайлар мен ғимараттарды жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау және мелиорациялық іс-шаралар жүргізу бойынша, таразылық және мамандандырылған жабдықтарды тексеру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
11) жазылым басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиет сатып алу;
12) ғылыми, әдістемелік материалдар мен ресми бюллетеньдер шығару;
13) мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
14) шетелдік хат-хабарларды және ғылыми құжаттаманы аудару бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
15) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы және бағалы сұрыптарын жарнамалау және насихаттау жөніндегі бұқаралық іс-шараларды (дала күндері, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар, таныстырылымдар) өткізу;
16) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылысжайлар мен объектілерді ағымдағы жөндеу (жалпы құрылыс жұмыстары, гидрооқшаулау жұмыстары, электр сымдарын монтаждау және электр арматурасын орнату бойынша жұмыстар, электр байланысы жабдығын орнату бойынша электр монтаждау жұмыстары, ғимаратқа электр жабдығын орнату, жергілікті желі (электр) желілерін жүргізу, газдандыру, монтаждау (орнату), су құбыры есептегішін, электр есептегішті, күш қалқаншасын, электр автоматын, трансформаторды, сплит-жүйелерді, газ есептегішін демонтаждау, зертханалық жабдықты орнату);
17) жылыту, кәріз, су құбыры жүйесіне техникалық қызмет көрсетуге, оны ағымдағы жөндеуге, дәнекерлеу жұмыстарына, су құбыры жұмыстарына, қоршаулар мен дуалдарды, қақпалар мен бастырмаларды, қақпаларды орнатуға, ауабаптағышты, ғимараттарға арналған антенналарды монтаждау (орнату);
18) сылау, сырлау жұмыстарына, шыны жұмыстарына, үй-жайда арақабырғалар орнату;
19) жабдықтардағы, тракторлардағы, комбайндардағы, көлік құралдарындағы тозған бөлшектерді жөндеуге және ауыстыруға арналған қосалқы бөлшектерді (автомобиль қозғалтқыштары, аккумулятор, аккумуляторлық батареялар, трос, сермер, тығыздамалар, реле, су сорғысы, айқастырма, амортизаторлар және басқа да қосалқы бөлшектер), компьютерлік техниканы (негізгі плата, қатты диск, кулер, жедел есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы) сатып алу;
20) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің және техникалық персоналдың, Қазақстан Республикасының шегінде және одан тыс жерлерге іссапар шығыстары;
21) сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеу;
22) жобалау құжаттамасын (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлеу және сараптау, жер учаскесінің топографиялық түсірілімін дайындау, жерге орналастыру жобасын әзірлеу, жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу, жер учаскесіне сәйкестіндіру құжатын дайындау және беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
23) ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған көлік құралдарын жалдау шығындары;
24) ағымдағы шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, комиссиялық төлемдер, кіру жарналары, мемлекеттік баж, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, олар бойынша өсімақылар мен айыппұлдар (әлеуметтік салықтан басқа));
25) үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, беріліс құрылғыларын ресімдеу, сондай-ақ үй-жайлар, ғимараттар мен құрылысжайлар орналасқан жерді ресімдеу шығындары;
26) ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынау саласындағы нәтижелерді деректерін автоматты түрде өңдеуге офистік жабдықтарды, офистік техниканы, цифрлық жүйелер мен бағдарламалық қамтылымды, вирусқа қарсы бағдарламаны, арнайы бағдарламалық қамтылымды сатып алу және орнату;
27) көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру, иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
28) Webkassa 2.0 бағдарламалық қамтылымын орнату, оған қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге, бағдарламалық қамтылымды қолдау бойынша консультациялық қызмет көрсету, деректерді өңдеу, дерекқорлар құру, мемлекеттік сұрыптық сынау саласындағы веб-порталдарға техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
29) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша көрсетілетін қызметтерге, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
30) көлік құралдарын диагностикалау, жөндеу, автомобиль майын ауыстыру, шиналарды монтаждау, резеңкені ауыстыру, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
31) электр энергиясын, суды, газды есепке алу аспаптарын мемлекеттік тексеруден өткізе және бағдарлама жасай отырып орнату үшін ақы төлеу;
32) баннерлер, бланкілер, қатты папкалар, алғыс хаттар, грамоталар, арнайы журналдар, мөртабандар, стендтер дайындау;
33) офистік техниканы, компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды, принтерлерді, серверлік жабдықтарды, көшіру аппаратын, факсты, өрт дабылдамасы жүйелері мен өрт сөндіргіштерге арналған жабдықты жөндеу, құрастыру, орнату, оларға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
34) өкілдік шығыстар;
35) жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу;
36) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне инкассалық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушылық құжатты ерікті түрде орындау;
37) кепілдік жарнаны төлеу;
38) астықты сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
39) тіркеуші цифрлық жүйедегі клиенттің дербес шотына жылдық қызмет көрсеткені үшін абоненттік төлемақы төлеу;
40) аккредиттеу жөніндегі органның бағалау жүргізу бойынша жұмыстарының құнын төлеу. (112, 116, 121, 122, 123, 124, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 156, 157, 158, 159, 161, 162, 165, 169, 412, 413, 414, 416, 419 және 421).

"Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы, "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабы, "Сұрыптық сынау саласындағы мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 36050 болып тіркелді).

РБ

10

1

212

255

100

038

Мемлекеттiк сорттарын сынау саласында ақылы қызметтер көрсету

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

1

212

255

100

039

Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттарын сынақтан өткiзу саласында баспа өнiмдерi мен ақпараттық бюллетендердi iске асыру

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

1

212

255

100

040

Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн өсiрудiң сорттық агротехникасы бойынша консультациялық қызметтер көрсету

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

1

212

255

100

041

Жоғары және орта оқу орындарының оқушылары мен студенттерi үшiн өндiрiстiк және диплом алдындағы практиканы өткiзу

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

10

1

212

255

100

042

Тұқым шаруашылығының аттестациядан өткен субъектiлерiне бiрегей, элиталы тұқым және кейiннен өсiрiлетiн тұқым сорттарына зертханалық сынақтан өткiзу бойынша ақылы қызметтер көрсету

Сол сияқты

Сол сияқты

      ";

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындары көрсететін қызметтер

РБ

03

5

410

001

000

051

Ғылыми зерттеулерді жүргізу

Гранттық қаржыландыру қаражаты Ұлттық ғылыми кеңестің (бұдан әрі - ҰҒК) шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады.
Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттар мен жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің зерттеулерді орындауға қажетті көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - жоба бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
(111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419).
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың қаражаты ҰҒК шешімімен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге тікелей байланысты шығыстарға жұмсалады. Шығыстарға мынадай шығындар жатады:
1) еңбекке ақы төлеу - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес ғылыми қызметкерлердің және қаржылық-экономикалық және заңгерлік сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың еңбегі үшін оларға берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
2) қызметтік іссапарлар - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға байланысты іссапарлар;
3) өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар - ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, өзге де зертханалардың, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын (аутсорсинг) орындауды қамтитын өзге де көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар жұмыстарды орындаушылар көрсетіліп және жұмыстардың түрлері, көлемдері, күтілетін нәтижелері толық жазылып ұсынылады;
4) материалдар сатып алу - зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;
5) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алу;
6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - талдама материалдарды жариялауға, патенттеуге және сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) үй-жайларды жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындау және ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алуға байланысты шығыстар;
8) жабдықтар мен техниканы жалға алу - бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалға алуға байланысты шығыстар;
9) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары - зерттеулерді орындау үшін жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар;
10) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
(111, 112, 113, 114, 116, 121, 122, 124, 131, 135, 136, 139, 144, 149, 153, 154, 156, 159, 161, 162, 169, 414, 416 және 419).

Білім туралы заңның 63-бабының 3-тармағы, "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген).

РБ

03

5

410

001

000

075

Қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру

1) шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға;
2) қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
3) әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;
4) оқу-материалдық базаны нығайтуға;
5) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, кәсіби білім беруді ұйымдастыру, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу үшін тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;
6) оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды басып шығаруға;
7) ұлттық қауіпсіздік органдары оқу орындарының қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға және тағылымдамадан өтуге;
8) тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға;
9) электрондық цифрлық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға;
10) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;
11) үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;
12) кәдесый өнімдерін сатып алуға;
13) оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға;
14) білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге;
15) көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға;
17) байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;
18) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге;
19) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу шеңберінде кофе-брейктерді ұйымдастыру және өткізу қызметтеріне ақы төлеуге;
20) қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде ақылы білім беру қызметтерін көрсету үшін тартылатын мамандардың (оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдары оқу орындарының кадр құрамы қатарынан) қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады
(116, 131, 135, 136, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 157, 158, 159, 161, 162, 169, 413, 414, 416 және 419).


РБ

03

5

410

001

000

052

Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу.

Сол сияқты

Сол сияқты

      ";

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелері ұсынатын қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелері ұсынатын қызметтер

РБ

05

9

201

014

100

071

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) медициналық көмек көрсету бойынша қызметтер

1) клиникалық хаттамаларға және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне, сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде тиісті жылға бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, шығыс материалдарын, сондай-ақ дәрі қобдишаларын, арнайы емдік өнімдерді сатып алу (қамтамасыз ету);
2) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына (бұдан әрі – № 128 Қаулы) сәйкес пациенттерді тамақтандыру және жұмсақ мүккәмалмен жарақтандыру;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлау;
4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеу;
5) шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының "Ақпараттандыру туралы" Заңының (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң) 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғанда байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, цифрлық жүйелерге қызмет көрсетуді қоса алғанда, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, тауарлар мен қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеу;
6) "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелері қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы белгілеуге арналған шығындар
(112, 114, 116, 121, 122, 124, 136, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 153, 154, 158, 159, 161, 165, 169, 414 және 419).

"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабы, "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 29 мамырдағы № 393 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 36174 болып тіркелген).

      ";

      "Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері ұсынатын әскери медицина саласында көрсетілетін қызметтер" бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелері ұсынатын әскери медицина саласында көрсетілетін қызметтер

РБ

02

1

208

003

000

073

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек

1) материалдық-техникалық (оқу- материалдық) базаны нығайту;
2) жабдықты, мүлікті және мүкәммалды (оның ішінде жиһазды) сатып алу;
3) шаруашылық шығыстар (байланыс қызметіне, коммуналдық қызметке ақы төлеу, ағымдағы және шаруашылық мақсат үшін заттар мен материалдарды сатып алу, тауарды (кеңселік) сатып алу шығыстары, жабдық пен техниканы пайдалану шығыстары);
4) ғимарат пен құрылысжайды реконструкциялау және күрделі (ағымдағы) жөндеу, сондай-ақ ғимарат пен құрылысжайға қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормалары шегінде зерттеу, тағылымдамалар, курстар өткізуге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізуге, көрмелерге, семинарларға, ғылыми конференцияларға, қашықтан өткізілетін кеңестерге оның ішінде халықаралық, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірлескен жұмысына байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығыстары;
6) банк көрсететін қызмет;
7) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін электрондық әмиян арқылы соманы енгізу;
8) кіріс жоспарын орындау кезінде табыстың 30 %-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы және ынталандыру сипатындағы төлемді белгілеу;
9) мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық төлемін төлеу;
10) көлік қызметтеріне ақы төлеу;
11) өкілдік шығыстарды төлеу;
12) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде клиникалық хаттамаға және дәрілік заттар мен медициналық бұйым тізбесіне сәйкес бірыңғай дистрибьютордан тиісті жылға сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымды, шығыс материалын, сондай-ақ дәріқобдишаны, арнайы емдік өнімді сатып алу (қамтамасыз ету);
13) № 128 Қаулыға сәйкес пациентті тамақтанумен және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтау; 14) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметті сатып алу шартының талаптарына сәйкес есептелген тұрақсыздық төлемін төлеу;
15) медициналық цифрлы жүйесі көрсететін қызметке, медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуге ақы төлеу;
16) дәрігер мен орта медицина персоналдардың біліктілігін арттыру
(112, 116, 121, 122, 124, 141, 142, 144, 149, 151, 152, 158, 159, 161, 165, 169 және 414).

ҚР қорғанысы және ҚК туралы Заңның 24-бабы 2-тармағы және № 622 қағидалар.

РБ

02

1

208

003

000

А41

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесі шеңберіндегі медициналық көмек

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А42

ТМККК тізіміне және (немесе) МӘМС жүйесіне енгізілмеген медициналық көмектің қосымша көлемі

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А43

Бактериологиялық, вирусологиялық, иммунологиялық және паразитологиялық зерттеулер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А44

Физикалық факторларды, микроклиматты, шуды, дірілді, жарықтың берілуін өлшеу бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А45

Судың химиялық талдауын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А46

Объектілерді радиометриялық зерттеу бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А47

Дезинфекциялық, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыс

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А48

Медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А49

Семинарлар, шеберлік сыныптарын, конференциялар өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А50

Алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша сертификатталған жаттықтырушылар мен нұсқаушылар курстарын өткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А51

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдерді қоймада сақтауды жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

РБ

02

1

208

003

000

А52

Медициналық техниканы жөндеу мен техникалық (сервистік) қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметтер

Сол сияқты

Сол сияқты

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік процесс әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші абзацын қоспағанда, 2026 жылдың 12 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады