Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Жаңа

Алматы облысы Алатау қалалық мәслихатының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 33-87 бірлескен шешімі және Алматы облысы Алатау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 7 тамыздағы № 325 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Ресупбликасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 31-бабының 2-тармағына сәйкес Алатау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алатау қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығы берілсін:

      1) Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) 70 жастан асқан зейнеткерлерге;

      3) 23 жасқа дейінгі жетім балалар;

      4) Орта (мектеп), техникалық және кәсіптік білім (колледж) оқушыларына, жазғы демалысты қоспағанда;

      5) Көп балалы аналар (төрт балалы және одан да көп, 18 жасқа толмаған);

      6) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға.

      2. Алатау қаласы азаматтарының мынадай жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктегі (таксиден басқа) тариф құнының елу пайызы көлемінде жеңілдетілген жол жүру құқығы берілсін:

      1) Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.

      3. Қаржыландыру көзі Алатау қаласының бюджеті болып айқындалсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алатау қаласы мәслихатының төрағасы ____________Р. Абилова
      Алатау қаласының әкімі ____________А. Утенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады