"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлаушылармен кездесулері мен жиналыстарын өткізу үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес шарттық негізде үй-жайлар (залдар) берілсін.
2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген үй-жайлар барлық кандидаттар мен саяси партияларға тең, бірдей және объективті шарттарда ұсынылатыны белгіленсін.
3. Алатау қаласы бойынша лауазымды тұлғаларына және мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге және кез келген үгіт материалдарын таратуға үзілді-кесілді тиым салынсын.
4. Осы қаулының көшірмесі тиісті аумақтық сайлау комиссиясына мәлімет үшін дереу жіберілсін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Алатау қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | А. Өтенов |
| Алатау қаласы әкімдігінің | |
| "___"__________2026 жылғы | |
| №_______қаулысына қосымша |
Алатау қаласы бойынша сайлаушылармен кездесулер мен жиналыстарын өткізу үшін ұсынылатын үй-жайлардың (залдардың) тізімі
№ | Объектінің (үй-жайдың) атауы | Нақты мекенжайы (көшесі, ғимарат нөмірі) | Баланс ұстаушы мемлекеттік мекеме / ұйым |
1 | "№4 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы Абылай хан көшесі, 4 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
2 | "№5 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы Қалибеков көшесі, 5 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
3 | "№6 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Жетіген ықшам ауданы Жігер көшесі, 86 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
4 | "Алатау қаласының мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының акт залы | Алатау қаласы Арна ықшам ауданы Школьная көшесі, 6/1 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
5 | "№1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Заречный ықшам ауданы Дзержинский көшесі, 3А | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
6 | "№8 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Құйған ықшам ауданы Мәңгілік ел көшесі, 1А | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
7 | "№7 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Еңбек ықшам ауданы Сарысу көшесі, 41 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
8 | "№9 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Жаңаарна ықшам ауданы Талқанбай көшесі, 7 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
9 | "№3 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Дәулет ықшам ауданы Центральная көшесу, 34 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
10 | "№10 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Жаңаталап ықшам ауданы Қонаев көшесі, 1 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
11 | "№12 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Жаңадәуір ықшам ауданы Мир көшесі, 3 | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
12 | "№15 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Ынтымақ ықшам ауданы Әл-Фараби көшесі, 2А | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
13 | "№14 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданы Абай көшесі, 2Е | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
14 | "№20 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы | Алатау қаласы Қоянқұс ықшам ауданы "Gate city" тұрғын үй кешені | "Алатау қаласының білім бөлімі" ММ-сі |
