Алатау қаласы бойынша тұрақты маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтер белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Алатау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі № 133 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алатау қаласы бойынша қалалық қатынастағы тұрақты автомобиль тасымалдарына жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтер келесідей мөлшерде белгіленсін:

      1) жол жүру ақысын электрондық төлем жүйесі арқылы төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге;

      2) жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.

      2. "Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алатау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Өтенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады