Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 "Тұрақты маршруттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алатау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алатау қаласы бойынша қалалық қатынастағы тұрақты автомобиль тасымалдарына жолаушылар мен багажды тасымалдау қызметтеріне тарифтер келесідей мөлшерде белгіленсін:
1) жол жүру ақысын электрондық төлем жүйесі арқылы төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге;
2) жол жүру ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
2. "Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алатау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алатау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | А. Өтенов |