"Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 292 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 336 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабынына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 292 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген );

      2. "Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Байеділов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады