"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабынына сәйкес Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Еңбекшіқазақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 292 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген );
2. "Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Т.Байеділов |