Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2026 жылғы 25 ақпандағы № 02-03 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. №301 сайлау учаскесінің "Енбекшіарал ауылындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Еңбекшіарал ауылы, Көкбастау көшесі № 1а мекен-жайында орналасқан орталығын Сарыбай би ауылы, Қарасу көшесі № 20Б мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбай би ауылындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша ауыстырылсын.

      2. Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы №301 сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Сарсеновке жүктелсін.

      Аудан әкімі Н. Ертас

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады